Шілдеде «Кселл» ұялы оператор желісіндегі интернет – трафик Астанада алғашқы рет 2 миллион гигабайттан асты. Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 миллион ГБ құрайды. Бұл ретте оператормен ұсынылатын деректерді ұсыну жылдамдығының өскендігі байқалады. Ұялы интернеттің орташа жылдамдығы өткен айда Алматыда 2659 Кб/сек және Астанада 2302 Кб/сек құрады.
«Кселл» байланысының сапасы туралы сондай-ақ шілде айындағы драйв – тесттің нәтижелері куәлік етеді. Радиоинженерлер Атырау, Қостанай, Рудный, Теміртау, Сарань және Балқаш қалаларында «Кселл» байланысының сапасын өлшей отырып, деректерді табыстаудың ең жақсы орташа жылдамдығы (Downlink) Балқашта екендігін белгіледі – секундына 7,09 мегабит. Көрсетілген қалалардың жекелеген аудандарындағы «Кселл»-ден интернеттің барынша көп жылдамдығы 40,6 Mб/сек құрады. Дауысты байланыстың ең жақсы көрсеткіші өткен айда Атырауда болып шықты және POLQA халықаралық алгоритм бойынша 5 максималды балдың 4,06 құрады (баға 1-ден 5 дейінгі шкала бойынша қойылады).
2016 жылдың шілде айында компания 24 жаңа базалық станциялар орнатты, оның ішінде – Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Щучинск және Хромтау қалаларында 2G стандартты 9 станция және 3G стандартты 15 станция.
Қостанай облысындағы Қарамеңді қыстағының тұрғындарының (4 694 адам) өткен айдан бастап «Кселл» желісінде интернет – қызметтерін пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл жерде 3G стандартты жаңа базалық станция орнатылды және 2G сигналын қабылдау күшейтілді.
Оператор желісіндегі интернет – трафиктің жалпы көлемі (Бүкіл Қазақстан бойынша) жеклеген локацияларда секундына 42 мегабит максималды жылдамдықпен 10 636 509 гигабайтты құрады.