«Exclusive» мультимедиялық портал Алматы қ. әкімдігінің және «Кселл» компаниясының қолдауымен «Ел тұлғасы» («Имя Родины») ұлттық жобасының басталғаны туралы хабарлайды.
Жобаның идеясы бүгінгі күні аттары тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістіктерімен байланысты болып табылатын барынша маңызды қазақстандықтарды таңдаудан тұрады. Бұлар қоғам қызметіндегі, мәдениет пен өнердегі, бизнестегі, спорт пен ғылымдағы қызметтері, жетістіктері мен шығармашылығы тәуелсіз Қазақстанның бейнесін қалыптастыратын адамдар.
«Елдің қуаты тарихты өз қолдарымен құратын халықта. Әрбір елдің өзінің ұлттық батыр – замандастары бар. Осы жобаға қолдау көрсете отырып, біз оның қазақстандық ұлттық батырларының рухани күші, олардың отанға деген махаббаты мен шын берілгендігі және қоғам қызметіне қосқан үлестері лайықты бағаланғанын қалаймыз. Оларды қазақстандықтар мақтаныш етеді, оларды біз де мақтаныш етеміз. Жобаның барлық қатысушыларына және жеңімпаздарына қол жеткізген жетістіктермен тоқтамауды және адамдар игілігіне және тәуелсіз Қазақстан иглігіне еңбек етуді тілейміз», – деп атап көрсетті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Конкурс бойынша дауыс беру жеті аталымда жүргізіледі: қоғамдық қызмет, бизнес, өнер және мәдениет, ғылым, спорт, жаңа есім және Қазақстан тарихындағы тұлға. Әрбір аталымда өзінің қызмет саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген және біздің елімізде белгілі болған он қазақстандық ұсынылған. Белгілі бір қатысушы үшін өз дауысыңды бір рет беруге болады. Еxclusive.kz сайта арқылы дауыс беруге болады.
Дауыс беру 2016 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айы аралығында жүретін болады. Қорытындылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында шығарылатын болады.
Қазақстанда алғаш рет «Ел тұлғасы» («Имя Родины») жалпыұлттық конкурс 2011 жылдың желтоқсанында басталды. Ол кезде дауыс беруге 80 мыңнан астам адам қатысқан болатын. 2015 жылы жобаға 350 мыңнан астам қазақстандықтар қатысты. Бұл адамдар бір-бірінен дауыс беру туралы білгендігін, өздерінің достары мен таныстарына номинаттар туралы, олардың Қазақстан жетістіктеріне қосқан үлестері туралы және олар үшін қалай дауыс беруге болатыны туралы айтқандығын білдіреді. Жобаның негізгі міндеті де осында болатын – қазақстандықтарды елдің дамуына барынша көп үлес қосып жүрген адамдармен жақынырақ таныстыру.
exclusive.kz сайтында, «Ел тұлгасы-Имя родины» бөлімінде, сонымен қатар әлеуметтік желілерде дауыс беруге болады.
«Ел тұлғасы» (Имя Родины) – бұл Қазақстанның тарихына, қазіргі кезеңіне және болашағына енжар қарамайтындарға арналған жоба.
Неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат Exclusive.kz сайтында жоба бөлімінде: http://exclusive.kz/el-tulgasy-2016
Байқау «Панорама», «Капитал.кз», «Вечерняя Астана», «Астана ақшамы» газеттерінің ақпараттық қолдауымен, сондай-ақ Алматы қ. Әкімдігінің қолдауымен жүргізіледі.
«Ел тұлғасы» («Имя Родины») жобасы әлеуметтік желілерде:
Қосымша ақпаратты алу үшін ««Ел тұлғасы» («Имя Родины») жобасының ұйымдастыру комитетіне хабарласуларыңызды өтінеміз: +7 (727) 2912222, e-mail: el.tulgasy@gmail.com