20 тамыздан бастап activ® пайдаланушылары Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру билетін мобильді телефоннан SMS арқылы төлеуді қолдана алады.
«Біз біздің абоненттеріміздің мүмкіндіктерін мобильді технологиялар көмегімен кеңейту үшін тұрақты жұмыс жасаймыз. Бүгінде біз Алматының қоғамдық көліктерінде жол жүру билетін ең ыңғайлы, қарапайым және қол жетімді тәсілмен – SMS арқылы төлеу қызметін қуана ұсынамыз. Біздің жаңа мобильді қаржылық қызметіміз алматылықтар мен еліміздің ең ірі мегаполисі қонақтарының жол жүруін бұрынғыдан да жайлы етуге көмектеседі. Сондай–ақ, біз бұл сервис қалада қоғамдық көлікпен жүруді жөн санайтын жолаушылар санын арттырады деген сенімдеміз», – деп айтып өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Бүгіні таңда SMS–төлем автобустардың келесі маршруттарында қолжетімді: 2, 3, 5, 5А, 5Б, 12, 18, 29, 29Р, 30, 32, 34, 37, 38, 38А, 42, 45, 47, 50, 63, 66, 72, 73, 79, 80, 81, 92, 107, 109, 112, 115, 118, 120, 121, 126, 128, 135. Сонымен қатар 1, 5, 7, 9, 11, 12, 19 және 25 маршруттардағы троллейбустарда.
2505 қысқа нөміріне SMS жіберу қызметі – оператор тарабынан комиссиясыз тегін. Жол жүру құны Алматы қаласының қоғамдық көліктері үшін бекітілген қала тарифіне сәйкес келеді және 80 теңгені құрайды, ол абоненттің балансынан шегеріледі. Көлік кодын қате жіберген жағдайда абоненттің жеке шотынан қаражат шегерілмейді. Электронды билет көлікте бір рет жол жүруге қолданылады.
Жол жүру төлемін төлеу үшін көлік коды бар SMS хабарламаны 2505 қысқа нөміріне жіберу қажет. Ақпараттық парақтарда SMS арқылы жол жүру құнын төлеу туралы нұсқаулықтар берілген. Көлік коды автобустар мен троллейбустардың ішіне жабыстырылған ақпараттық парақтарда көрсетілген. Төлемді растау ретінде жолаушы SMS түріндегі сауда чегін алады, ол жол жүруге арналған электронды билет болып табылады. Жолаушы сауда чегі бар SMS–ты жол жүру аяқталғанға дейін сақтауға және жол жүру төлемін тексеру кезінде бақылау қызметінің қызметкерлеріне көрсетуге міндетті.
Смартфондарды пайдаланушыларға (Android және iOS) «SMSBUS Жолаушы» мобильді қосымшасына қолжетімді. Бұл қосымша SMS жібереді және қабылдайды, сонымен қатар сауда чектерін жол жүру төлемін тексеру кезінде бақылаушылардың автоматты түрде сканерлеуіне арналған QR кодтар түрінде көрсетеді.
2505 қысқа нөміріне SMS жіберу арқылы жолаушы SMSBUS қызметін қолдану ережелерімен келіседі. Ережелермен http://smsbus.kz сайтында танысуға болады. Қызмет азаматтардың жеңілдікті категорияларына арналмаған.
«SMSBUS» брендімен аталған техникалық шешімді Алматы қаласы Әкімдігінің көмегімен қазақстандық «ITECO» компаниясы әзірледі. Осы сервисті іске асыруда «Кселл» компаниясының серіктесі «WOOPPAY» ЖШС болды. Алдағы уақытта «Кселл» компаниясы Kcell абоненттері үшін де осыған ұқсас қызметті іске қосуды жоспарлауда.
590 көлік кодына ие 29 маршрут бойынша автобуста жол жүрудің электронды билетінің мысалы:
CHEK: 0001:567890
SUMMA: 80 TEH.
DATA: 26.06.2016 10:42:31
TRANSPORT: 590
ABONENT: 7771112233
OPLATA: 1971335
TOO GREEN BUS COMPANY
BIN: 160141026320
Жол жүргені үшін төлем туралы толық ақпаратты өзіңіздің мобильді телефоныңыздың нөмірін және соңғы айдағы кез келген төлем нөмірін көрсету арқылы http://smsbus.kz сайтынан ала аласыз.