Алматы, 07 қыркүйек 2016жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 04 қарашасында сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжай бойынша «Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын («АКТЖЖ») өткізу туралы шешімі туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі 2Г. АКТЖЖ қатысушыларын тіркеудің басталуы: Алматы уақытымен сағат 10:00.
Жиналыс аталған күні өткізілмесе, 2016 жылдың 07 қарашасына Алматы уақытымен сағат 11:00-ге ауыстырылады.
Кезектен тыс жылпы жиналысқа 2016 жылдың 03 қазанында (Алматы уақытымен 01:00) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші акционер ретінде тіркеген акционерлер қатысуға құқылы.
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғаларға жиналысқа дауыс беру құқығымен қатысуға сенімхат ұсыну қажет.
АКТЖЖ ұсынылатын күн тәртібі:
1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының төрағасын және хатшысын сайлау және дауыс беру формасын анықтау.
2. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
3. Директорлар Кеңесі мен Бас атқарушы директордың арасында функцияларды бөлістіруге қатысты «Кселл» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу.
4. Директорлар Кеңесі мен Бас атқарушы директордың арасында функцияларды бөлістіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
«Кселл» АҚ акционерлері Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының материалдарымен materialsgm@kcell.kz эл электрондық мекенжайына сұраным мен акционер мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы Бас атқарушы директоры орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасының 050051, Алматы қ., Самал-2 ш.а., 100 үй мекенжайынан ала алады. Акционерлер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының материалдарымен жиналыс өткізілген күнге дейінгі он күннен кешіктірмей таныса алады. Акционер сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжат көшірмелері мен құжаттарды жеткізу шығындарын акционер көтереді.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен қарым-қатынас | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
Кей Ларсен, Галина Кулачек
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс қызметтерін, қысқа хабарламалар беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контент сияқты қосымша қызметтерді (VAS) және де деректерді беру қызметтерін, с.і. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылады: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер болатын (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания қызметтерді ҚР бүкіл ел қоныс тепкен аумағын қамтитын, өзінің кең ауқымды, жоғары сапалы желісінің негізінде ұсынады.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) және Қазақстанның қор биржасында өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, бұл жерде бір ЖДҚ бір акцияға сай келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акцияларын сатуды қамтыды.
Болашақта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желімен қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға және 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.