Nokia Threat Intelligence Report есебінің деректері бойынша 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы вирусқа шалдыққан смартфондардың саны 96%-ға артқан, осылайша, осы жылдың сәуір айында әр 120 смартфонның біреуі зиянды бағдарламалармен зақымданған.
Смартфондарды вирустардан қорғау бойынша қарапайым кеңестерді басшылыққа алу құрылғыдан жеке деректердің жойылуы, ақшаның аккаунтқа байланыған банкілік есептен шығарылуы, спамдарды қабылдау сияқты жағымсыз жағдайлардан құтылуға көмектеседі:
1) Сенімсіз көздерден қосымшалар орнатпаңыз. Қосымшаны жүктемес бұрын, оның рейтингісін, сипаттамасын және қолданушылардың пікірлерін мұқият зерттеңіз. Бағалары төмен өндірушілердің қосымшаларын орнатпауға тырысыңыз. Google Play-де қауіпсіз жүктеу үшін “Үздік өндіруші” белгісі көмектеседі.
2) Операциялық жүйені үнемі жаңартып отырыңыз. Мысалы, Android-тың соңғы нұсқасы Marshmallow (6.0 нұсқасы) деп аталады. Ол 2015 жылдың қазан айында іске қосылды және оның құрамында смартфондардың вирусқа шалдығуын алдын-алуға арналған қорғаныстық ерекшеліктердің бірқатары бар. Statista деректері бойынша, Android қолданушылардың 32,5% әлі күнге дейін 2013 жылдың соңында шыққан KitKat-ты( 4.4 нұсқасы) қолданады.
3) Таныс емес қоғамдық Wi-Fi желілерінен аулақ болыңыз. Смартфоныңызға сіздің рұқсатыңызсыз ашық және тексерілмеген Wi-Fi желісіне қосылуға жол бермеңіз, өйткені құрылғы қастық ойлаушылардың желісіне қосылып, смартфоннан барлық жеке және құпия ақпаратты жөнелтуі мүмкін.
4) Белгісіз жөнелтушілердің сілтемелерін ашпаңыз. E-mail таратылым, push-хабарландырулардағы жазылған ақпаратты толық оқaымай тұрып, белгілі бір мекен-жайға өтуді немесе жеке сәйкестендіру деректерді енгізуді талап ететін сілтемелерді баспаңыз.
5) Антивирусты орнатыңыз және үнемі жаңартып отырыңыз. Nokia Threat Intelligence Report есебі, барлық вирусқа шалдығудың 74% Android-құрылғыларға келетінін растайды. Антивирустық жасақтаманың халықаралық өндірушісі болып табылатын ESET деректері бойынша, 2010 жылы ESET вирустық зертханасы Android үшін зиянды бағдарламалық жасақтаманың үш түрін анықтады, 2013 жылы олардың саны 79-ға жетті. 2015 жылы әр ай сайын ESET мобильді қауіптің 200-ден астам жаңа үлгілерін анықтады.
Android операциялық жүйесіндегі смартфондарды қолданатын Kcell және activ абоненттер өз смартфондарын ESET и Dr.Web вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы қорғай алады. Әлем бойынша 100 миллионнан астам қолданушылар Android ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін өз мобильдік құрылғыларын қорғау үшін Dr.Web антивирусын таңдады, ал ESET компаниясы әлемнің 180 елінде жұмыс істейді.
Смартфондағы вирусқа қарсы бағдарлама смартфон ұрланған жағдайда қашықтықтан бұғаттай алады, алаяқтық сайттарына өтуден қорғауға, қауіпсіздік мәселелерінің диагностикасын жасауға және оларды жою бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді, ол SMS-спам шек қоя алады және барлық зиянды бағдарламалардан қорғайды.
Kcell және activ абоненттері үшін Android-қа арналған Dr.Web вирусқа қарсы бағдарламаға жазылу тәулігіне 8 теңге тұрады, сондай-ақ құны 195 теңге тұратын бірден бір айға жазылу мүмкіндігі де бар. ESET NOD32 шешімінің көмегімен құрылғыны қорғау тәулігіне 9 теңге тұрады.
Android-қа арналған Dr.Web вирусқа қарсы бағдарламасын қосу үшін *456*1*2#ОК USSD-кодын теру қажет.
Android үшін ESET антивирусын қосу үшін *456*2*2#ОК USSD-кодын теру қажет.
Қосымша ақпарат Kcell абонеттері үшін осы жерде, ал activ абоненттері үшін осы жерде қол жетімді.