«Кселл» компаниясы activ абоненттерімен интернетті неғұрлым белсенді, оның ішінде 4G жылдамдықтапайдалануды ынталандыру үшін «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының желісіне қосылған интернет-трафиктің көлемін үлкейтеді.
«Кселл» компаниясының желісінде 4G коммерциялық іске қосу сәтінен бастап төртінші буын мобильдік интернеттің шамамен 370 мың бірегей пайдаланушылары тіркелген, және бұл сан күн санап артып отыр. Біздің абоненттерге біз өткен жылы ұсынған көлемдер қазіргі кезде жетпейді, сол себепті біз «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарларының желісінде қосылған интернет-трафиктің көлемін арттыруға шешім қабылдадық. Бұл біз соңғы уақытта өз абоненттерімізден бақылап отырған деректерді тарату қызметіне деген үлкен сұранысқа жауап», – деп атап өтті Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.
Өзгерістер 2016 жылдың 8 қарашасынан бастап күшіне енеді. «Алло, Қазақстан» желісінің 9 тарифтік жоспарын пайдаланушылар күндізгі және түнгі пайдалану уақытының арасында бөлінген, 2 ден 3 Гб дейін қосымша алады. Интернет-трафиктің көбейтілген көлемдері бойынша толық ақпарат www.activ.kz сайтында орналастырылған.
Қосылған интернет-трафиктің көлемін арттырумен сәйкес 2016 жылдың 8 қарашасынан бастап «Алло, Қазақстан» желісінің тарифтік жоспарларында ай сайынғы абоненттік төлемнің мөлшерін өзгерту жүзеге асырылады. «Алло, Қазақстан 1», «Алло, Қазақстан Start», «Алло, Қазақстан XS», «Алло, Қазақстан S», «Алло, Қазақстан М», «Алло, Қазақстан L», «Алло, Қазақстан XL» тарифтік жоспарларында абоненттік төлем 200 теңгеге көбейтіледі, ал «Алло, Қазақстан 2» және «Алло, Қазақстан 3» тарифтік жоспарларында – 300 теңгеге.
«Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарлар желісі 2015 жылы іске қосылған. Алайда, абоненттердің мобильдік интернет қызметіне өсіп отырған сұраныстарын ескере отырып, 2016 жылдың маусым айында activ абоненттеріне «Активный» тарифтік жоспарларының жаңа желісі ұсынылған, оның айрықша ерекшелігі желі ішіндегі лимитсіз қоңырау шалулар, ҚР басқа ұялы байланыс операторларына минуттар пакеті және «Алло, Қазақстан» желісінің көпшілік тарифтік жоспарларымен салыстырғанда, интернет-трафиктің көлемінің артуы.
4G белсенді пайдалануға бейімделген және неғұрлым тартымды «Активный» тарифтік жоспарларының желісі туралы ақпаратты алуға және ауысып қосылуға, USSD-комбинациясы арқылы:*166*1#ОК болады.