Қазақстанда дәрігерлерге балалардың өмірін құтқарып қалуға көмектесетін SMS-қайырымдылықтарды жинауға арналған 9962 қысқа нөмірі ресми түрде іске қосылды. Kcell және activ®, сондай-ақ басқа қазақстындық ұялы байланыс операторларының абоненттері қысқа нөмірге кез келген символмен немесе мәтінмен SMS жібере алады. Хабарламаның құны Kcell және activ® абоненттері үшін – 200 теңге.
Жобаны алғашқылардың бірі болып Қазақстанның бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қолдады және 9962 қысқа нөміріне хабарлама жіберді.
Қысқа нөмірді қосу «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Өмірге дем салайық» жобасының аясында жүзеге асырылды. Жоба Қазақстанның балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімдеріне көмек көрсетуге, өмірлік қажетті жабдықтарды – ИВЛ және СИПАП аппараттарын, шприцтік және инфузиялық мөлшерлегіштерді, реанимациялық үстелшелерді және т.б. сатып алуға бағытталған.
Жоба 2007 жылы басталған, ол кезде «АЯЛА» қоры Алматы қаласының қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚКБЖАА) жан сақтау бөлімін медициналық жабдықтармен жабдықтауға көмектесті. Бұл бөлімге ИВЛ аппараты, жартылай автоматты зертхана, фототерапия аппараты, жаңа туған сәбилерге арналған кювез және басқа медициналық жабдық жеткізілді. «АЯЛА» қоры Алматы ҚКБЖАА тапсырған жабдықтың көмегімен медициналық қызметкерлер балалардың өлімін 4 есеге азайта алды. 2011 жылы басталған «Өмірге дем салайық» жобасын оңтүстік астанадан тысқары кеңейтуге шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта қор балалар ауруханалары мен перзентханалардың балалардың жан сақтау бөлімдерінен көмек көрсету туралы өтінішпен көптеген хаттарды алып отыр. SMS-қайырымдылықтар кішкентай пациенттерге өмір сүруге тағы да бір мүмкіндік береді.
«Жай ғана қолыңа ұялы телефонды алып қайырымды істерді жасауға болады. Қысқа нөмір бей-жай емес абоненттергереспубликалық «Өмірге дем салайық» жобасына көмек көрсетуге және жедел және жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж баланың барлық жақындарына бақыт сыйлауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сулейменова.
«Біз өз абоненттеріміздің мүмкіндіктерін тұрақты кеңейтіп отырамыз, сонымен қатар оларға қайырымдылық жобаларына қатысу мүмкіндігін де береміз. Қысқа қайырымдылық нөмірлерін біздің компания 10 жыл бойына беріп келеді, және біздің абоненттеріміздің әрдайым аса белсенді қатысып отыратынын байқаймыз. Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен барлық ұялы байланыстың бей-жай емес пайдаланушыларына олардың қайырымды жүректері үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің жаңа бастамамыз кішкентай қазақстандықтардың денсаулығына елеулі үлес қосады деп үміт артамын», – деп айтып өтті Наталья Еськова, «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы.