9 желтоқсан күні Алматыда алғашқы қазақстандық PROFIT Mobile Day конференциясы өтті, ол өз алаңында IT-басшыларын, орта буын менеджерлер мен мамандарды жинады. Іс-шараға қатысушылар қауіпсіздік мәселелерін, нақты тиімді мобильдік шешімдерді және корпоративтік БЖ мобильдік құрылғыларға біріктіру мәселелерін талқылады. «Кселл» компаниясының қызметкерлері өнімдер мен қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін мобильдік құралдар туралы айтып өтті.
Конференцияда Қазақстандағы ірі мобильдік оператордың өкілі өз сөзінде нарықтың ағымдағы жағдайы туралы және бизнесті жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін компанияның жаңа технологиялары туралы айтып өтті.
«Клиенттердің қанағаттанушылық индексі бизнестің қаржылық тиімділігінің неғұрлым маңызды индикаторы болып табылады. Клиенттер қаншалықты қанағаттанатын болса, олардың адалдығы да жоғары болады, бұл компанияның табысын арттыруға тікелей әсер етеді. Ұстап қалған жаңа тартуға қарағанда тиімдірек, клиентті сақтап қалған жаңа клиентті тартқанға қарағанда 5 тен 20 есеге дейін арзанға түседі.BusinessPulse – бұл «Кселл» жаңа қызметі, ол SMS көмегімен клиенттердің арасында мобильдік сауалнаманы өткізуге мүмкіндік береді. Қызмет алынған мәліметтерді өңдеу уақытын үнемдейді, алаяқтықты және әділетсіздікті болдырмайды және тұтынушылардың көңіл-күйіне қарай жедел әрекет ету мүмкіндігін береді», – деп атап өтті «Кселл» компаниясының В2В департаментінің мобильдік маркетинг бөлімінің Бастығы Бауыржан Булатханов.
Оның айтуы бойынша көптеген танымал брендтер мұндай технологияларды қолдана отырып, тұтынушыларды зерттеуді жүргізеді, алайда Қазақстан үшін бұл бірегей қызмет.
Конференцияның қатысушыларында тек баяндамаларды тыңдап және нарық сарапшыларының пікірлерін біліп қана қоймай, пікірталастарға қатысу, өзінің жеке пікірін айту және вендорлар мен тапсырыс берушілердің өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды қою мүмкіндіктері болды.