Қараша айында «Кселл» компаниясының мамандары желі сапасын тексеру үшін шамамен 7 мың шақырым жүріп өтті. Драйв-тесттер Астана, Өскемен, Павлодар және Қарағанды қалаларында өтті.
Астана қаласындағы драйв-тест кезінде «Кселл» дауысты байланыс сапасын өлшеу POLQA халықаралық алгоритмін қолдана отырып (ағылш. Perceptual Objective Listening Quality Assessment — сөйлеудің естілу сапасының объективті бағасы) MOS (ағылш. Mean Opinion Score – сөйлеудің айқындылығының орташаландырылған бағасы) шкаласы бойынша ең жоғарғы 5 баллдан 4,44 баллды көрсетті. Ал Павлодарда мобильдік интернет желісінің сапасын тексеру кезінде мобильдік Интернеттің 4G/LTE желісіндегі ең жоғарғы жылдамдығы 70,9 Мбит/сек жеткен.
Драйв-тест ұялы байланыс желілерінде стационарлық өлшеулермен, сондай-ақ оператормен статистиканы жинаумен қатар көрсетілетін қызметтер сапасын өлшеудің неғұрлым тексерілген және дәл әдістерінің бірі болып табылады. Басқа әдістерден айырмашылығы, бұл өлшеу қозғалыста өтеді. Нәтижелері ұялы байланыс операторымен тестілеу маршрутында көрсетілетін қызметтердің сапасын объективті бағалау және салыстыру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар ол қолданылатын технологиялар сапасын бағалауға себін тигізеді, желіні дамыту мен оңтайландыруды жоспарлау үшін және қолда бар ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін негіз болатын қолданылатын технологиялардың сапасын бағалауға көмектеседі.
«Кселл» компаниясымен төртінші тоқсанда 4G/LTE желісін іске қосу және белсенді дамыту мәліметтерді тарату жылдамдығы мен көлемін елеулі арттырды. Қараша айында Алматы және Астана қалаларында трафиктің көлемі 5 млн.гигабайттан асты, ал 4G/LTE желісінде интернеттің орташа ең жоғарғы жылдамдығы 75 Мбит/сек жеткен. Бұл ретте төртінші буын желісіндегі мәліметтерді таратудың ең жоғарғы жылдамдығы Алматы қаласында Бостандық ауданында тіркелген, онда LTE-A қолдаумен смартфонда мәліметтерді жүктеу жылдамдығы түнгі уақытта 120-125 Мбит/сек дейін жеткен.
Қазіргі уақытта «Кселл» төртінші буын желісі 13 қалада халықтың 26%-на қол жетімді болып отыр.