Дүниежүзілік тәжірибені зерттеп және алдыңғы қатарлы мобильді технологияларды пайдалана отырып, «Кселл» компаниясы күн сайынғы жұмыста көмек көрсететін және түрлі кәсіпорындардың бизнесінің тиімділігін жаңа деңгейге шығаруға септігін тигізетін «Бизнес пульс» атты жаңа қызметті іске қосты.
Бұл қызмет тегін SMS-тер көмегімен клиенттерге мобильді сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді. Өте қарапайым және ыңғайлы бұл әдіс бірқатар артықшылықтарға ие, оның ішінде мақсатты аудиторияны қамтуды, үнемділікті, бақылау мүмкіндігін, жаңа клиенттерді тартуға және бұрынғы клиентерден айырылмауға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай азайтуды, клиенттік базаны ұлғайтуды және компания табыстарын ұлғайтуды, клиенттердің бейілділігін арттыруды және олардан кері байланысты алуды атап өтуге болады.
«Кселл» В2В клиенттеріміздің мүмкіндіктерін кеңейту үшін технологиялық шешімдерді іске қосуды жалғастыруда. Заманауи әлемде клиенттердің өнімдерге, қызмет көрсетуге және қолдауға қанағаттандырылуына кез келген бизнестің табыстылығы тәуелді болады. Біз мақсаты болып шағын,орта және ірі бизнес кәсіпорындарына клиенттерімен кері байланыстың жылдам каналын құрып, осылайша тұтынушылардың ұдайы ауысып отыратын талаптарына белсендірек қарауға көмектесу саналатын ыңғайлы және тиімді аспапты ұсынамыз«, — деп атап өтті «Кселл» АҚ Басты атқарушы директоры Арти Отс.
«Бизнес Пульс» әрбір клиентке өзі қызметін пайдаланған қандай да бір компаниялардың, кәсіпорындардың жұмысына, қызметтеріне немесе өнімдеріне қатысты пікір білдіруге және бағалауға мүмкіндік береді. Қызметтің жұмыс жасау қағидаты да оңай: алдымен сұрақтар ортақтастығы және сауалнама туралы ақпарат қалыптасады. Сауалнама баға берудің үш нұсқасын қамтиды: оң,теріс және менеджердің кері қоңырауына тапсырыс беру. Баға берудің әрбір түріне код беріледі. Клиенттер 9119 нөміріне өзінің беретін бағасын жаза отырып тегін SMS жібереді. Дауыс берушілердің белсенділігін арттыру үшін «Кселл» компаниясы ай сайын смартфондардың/ ұтысын өткізеді. Әрбір айдың соңында клиент сауалнама нәтижелерін қамтитын толыққанды есепті алады. Қызмет туралы толығырақ
Атап өтетін жайт, осындай технологияларды пайдаланумен тұтынушыларды зерттеуді көптеген танымал брендтер жүргізеді, алайда Қазақстан үшін бұл қызмет бірегей болып табылады.
«Кселл» АҚ ұтыс шарттарын өзгерту немесе себептерін түсіндірместен оның өткізілуін тоқтату құқығын өзіне қалдырады.