Алматы, 2017 жылдың 13 сәуірі — кірістердің көлемі мен абоненттік қоры бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында жетекші оператор — «Кселл» Акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL) Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 24 мамырында (Алматы уақытымен) сағат 10:00-де келесі мекен-жайда «Кселл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыру туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 2Г. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу (Алматы уақытымен) сағат 09:00-де басталады.
Егер Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы болмаса, «Кселл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы 2017 жылдың 25 мамырында (Алматы уақытымен) сағат 10:00-де қайта өткізіледі.
2017 жылдың 24 сәуірі (Алматы уақытымен 01:00) күнгі жағдай бойынша, бағалы қағаздарды бірегей тіркеуші Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде акционер ретінде тіркеген акционерлер Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысу құқығына ие.
Тіркеу үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат ұсыну қажет.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:
- Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау және дауыс беру формасын анықтау.
- Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- Қоғамның Жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
- Есептік қаржы жылы үшін Қоғамның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау.
- «Кселл» АҚ Директорлар Кеңесі мен Бас атқарушы директордың арасында функцияларды бөлістіру жөніндегі нұсқаулықтың жаңа редакциясын бекіту.
- «Кселл» АҚ Жарғысының жаңа редакциясын бекіту.
- Қоғам қызметіне және оның лауазымды тұлғаларына қатысты акционерлердің сұранымдары туралы мәселені қарастыру және оларды қарастыру нәтижесі.
- Акционерлерге директорлар кеңесінің және Қоғамның атқарушы органының мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
«Кселл» АҚ акционерлері Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына немесе Компанияның атқарушы кеңсесі, Бас атқарушы директорының орналасқан жеріне: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ы/а, 100 үй мекенжайына сұраным мен акционер мәртебесін растайтын құжат жолдау арқылы таныса алады. Акционерлердің жалпы жиналысының материалдары жиналыс өтетін күннен он күн бұрын уақыттан кешікпей, танысу үшін қолжетімді болады. Акционердің сұрауы бойынша сұранымды алған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде оған материалдар жіберіледі. Құжаттардың көшірмелерін жасау және оларды жеткізуге қатысты шығындарды акционер көтереді.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 іш. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Tel: +7 727 2582755 іш. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс қызметтерін, қысқа хабарламалар беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контент сияқты қосымша қызметтерді (VAS) және де деректерді беру қызметтерін, с.і. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылады: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер болатын (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания қызметтерді Қазақстан Республикасының бүкіл ел қоныс тепкен аумағын қамтитын, өзінің кең ауқымды, жоғары сапалы желісінің негізінде ұсынады.
2012 жылдың желтоқсанында Кселл компаниясы Лондон қор биржасында ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) және Қазақстанның қор биржасында өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге деңгейінде орнатылды, бұл жерде бір ЖДҚ бір акцияға сай келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акцияларын сатуды қамтыды.
Болашақта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желімен қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға және 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.