Алматы, 2017 жыл 26 мамыр — түсімнің көлемі мен абоненттердің саны бойынша Қазақстандағы жетекші ұялы байланыс операторы, «Кселл» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) 2017 жылдың 24 мамырында өткен Компания Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының (АЖЖЖ) нәтижелерін жариялайды.
АЖЖЖ 2016 жылдың таза кірісінің 70 пайызын 11 678 млн. теңге мөлшерінде жылдық дивиденд ретінде бөлістіру және бекіту туралы Директорлар кеңесінің ұсынысын мақұлдады. Бір қарапайым акцияға дивиденд мөлшері салықтарды алғанға дейін, 58,39 теңгені құрайды (бір қарапайым акция ЖДҚ-ға сай келеді).
Дивидендтер акционерлердің банк шоттарына қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару арқылы төленеді. 2017 жылдың 25 мамыры күнгі (Алматы уақытымен 1:00) жағдай бойынша Kcell акцияларына ие акционерлер дивиденд алуға құқылы.
Дивидендтер 2017 жылдың 1 маусымынан бастап (Алматы уақытымен 09:00) бір рет және бір төлеммен төленеді.
Компания деректемелері: «Кселл» АҚ, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ы/а, 100 үй; банк деректемелері: БСН 980540002879 БСК KZKOKZKX IBAN KZ539261802102350000 «Казкоммерцбанк» АҚ-да, Кбе 17.
Басқа қабылданған шешімдер 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға Компанияның жеке және біріктірілген қаржы есептерін және Тәуелсіз аудитор есебін бекітуді қамтиды. «Кселл» АҚ Директорлар Кеңесі мен Бас атқарушы директордың арасында функцияларды бөлістіру жөніндегі нұсқаулықтың жаңа редакциясын және «Кселл» АҚ Жарғысының жаңа редакциясын бекіту. Оған қоса, акционерлерге Директорлар кеңесінің және Қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері мен құрылымы туралы және де Компанияның қызметі мен оның басшылығына қатысты акционерлер тарапынан қандай да бір сұранымдардың жоқтығы туралы ақпарат хабарланды.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен қарым-қатынас | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
Кей Ларсен, Галина Кулачек,
Эдриан Даффилд
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс қызметтерін, қысқа хабарламалар беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контент сияқты қосымша қызметтерді (VAS) және де деректерді беру қызметтерін, с.і. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылады: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер болатын (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания қызметтерді ҚР бүкіл ел қоныс тепкен аумағын қамтитын, өзінің кең ауқымды, жоғары сапалы желісінің негізінде ұсынады.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) және Қазақстанның қор биржасында өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, бұл жерде бір ЖДҚ бір акцияға сай келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акцияларын сатуды қамтыды.
Болашақта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желімен қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға және 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.