2017 жылдың 5 шілдесі. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Компания», LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттердің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығының көшбасшысы, Қазақстанның салық органы 2012 жылдан бастап, 2015 жылды қоса кезеңге Компанияны кешенді салықтық тексеруді аяқтағаны туралы жариялайды.
Тексеру нәтижесі бойынша Компанияға жалпы сомасы 9,0 млрд. теңге болатын салық талабы қойылды, оның ішінде 5,8 млрд. мөлшерінде төленбеген салықтар және де 3,2 млрд. теңге мөлшерінде төлемді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар. Кселл талапты сотқа жүгінуді қоса, қолжетімді механизмдер арқылы дауға салуға ниетті.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен қарым-қатынас | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
Кей Ларсен, Галина Кулачек,
Эдриан Даффилд
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс қызметтерін, қысқа хабарламалар беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контент сияқты қосымша қызметтерді (VAS) және де деректерді беру қызметтерін, с.і. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылады: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер болатын (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания қызметтерді ҚР бүкіл ел қоныс тепкен аумағын қамтитын, өзінің кең ауқымды, жоғары сапалы желісінің негізінде ұсынады.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) және Қазақстанның қор биржасында өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, бұл жерде бір ЖДҚ бір акцияға сай келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акцияларын сатуды қамтыды.
Болашақта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желімен қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға және 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.