Халықаралық рейтингтік агенттігі Fitch Kcell-дің «BB+» деңгейіндегі рейтингісін растады, болжам «Тұрақты»

Алматы, 5 желтоқсан 2023 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы ұялы байланыс операторлардың бірі, Fitch Ratings «Кселл» АҚ-ның «BB+» деңгейіндегі ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін растағанын хабарлайды.

Компания 2023 жылдың екінші тоқсанының соңында нарық үлесі шамамен 30% болатын Қазақстандағы екінші ірі ұялы байланыс операторы болып қала береді және Kcell-дің желіні жаңартуға айтарлықтай инвестициялары, сондай-ақ 5G өрістетуі оның нарықтық позицияларын қолдауға тиіс, – деп атап өтті Fitch сарапшылары.

Сонымен қатар, рейтингтік агенттіктің сарапшылары Kcell «Қазақтелеком» ірі телеком-операторының еншілес компаниясы (BBB-/Тұрақты) болғанымен, ірі миноритарлық акциялар бумасына ие және бас компанияның өз тарапынан ең аз қаржылық кепілдігі бар жеке ұйым ретінде Kcell басқаруға ұмтылысы бар дербес жария компания болып қала береді деп есептейді.

Біз биылғы жылы айтарлықтай капитал мен 5G жиіліктерін сатып алу ақысын төлеуге, қарыздың ұлғаюына және дивидендтер төлеуді қалпына келтіруге байланысты Kcell-дің EBITDA алдындағы таза қарызы 2022 жылы -0,04x-тен 2023 жылы 1,3 есеге дейін өседі деп болжап отырмыз. Біз леверидждің одан әрі өсуін күтудеміз, өйткені компания 4G желісін өрістетумен қатар 5G инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруда. Таза леверидж 3,1x теріс сезімталдығынан төмен қалуда», – делінген Fitch Ratings сарапшыларының есебінде.

Өз кезегінде Kcell атап өткендей 5G желісін өрістету – күрделі әрі қымбат міндет және байланыс операторлары жобаны табысты іске асыру үшін орасан зор қаражат инвестициялауға тура келеді. Бірінші жартыжылдықтың өзінде ғана компания өз желісі мен инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде бесінші буын байланысын өрістетуге және жиіліктерді сатып алуға 110 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады.

«Шынымен де, ағымдағы жылы біз елде 5G енгізу мен дамытудың ауқымды жобасын іске асыруымызды ескерумен, елеулі инвестициялық циклға кірдік, бұл туралы Fitch сарапшыларының есебінде де атап өтілген.Сонымен қатар, ұстанатын консервативтік саясат пен операциялық қызметті жақсартудың, шығындарды оңтайландырудың және тұтастай алғанда тиімділікті арттырудың арқасында біз қаржылық беріктіктің едәуір қорын және өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтай аламыз. Жалпы, соңғы екі жылда біз барлық сегменттердегі клиенттеріміздің тек сапалы телекоммуникациялық және цифрлық қызметтер мен сервистерді алуы үшін 100 миллиард теңгеге жуық соманы өз желілерімізді дамытуға және жаңартуға жұмсадық», – деп атап өтті «Kcell» АҚ бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы Асхат Узбеков.

Осыған дәлел ретінде агенттік сарапшылары Kcell-дің күрделі шығындары 2022 жылғы 17%-дан 2023 жылы кірістің 75%-ға дейін артуын және бесінші буынғы байланыс стандартын өрістету, сондай-ақ оның қолданыстағы желілік инфрақұрылымын дамытуға және жаңартуға инвестициялар салу қажеттілігіне байланысты 2024-2025 жылдары 25%-35% деңгейінде жоғары болып қалады деп болжайды.

«Күрделі салымдарға деген жоғары қажеттілік, сондай-ақ пайыздық төлемдердің ұлғаюы және дивидендтерді төлеуді қайта бастау біздің базалық сценарийімізде теріс еркін ақша ағынына (FCF) әкеледі. Біз өскен капитал салымына қажеттіліктерді қаржыландыруға қарыздың ұлғаюы және пайыздық мөлшерлемелердің өсуі нәтижесінде пайыздық төлемдер өседі деп күтеміз. Ағымдағы жылдың 9 айындағы жағдай бойынша, компания қарызының басым бөлігі 2022 жылдың соңындағы 11% -13% -ға қарағанда 18% -дан жоғары мөлшерлемеге ие болды», – делінген Fitch есебінде.

Тұтастай алғанда, халықаралық агенттіктің талдаушылары мобильді оператордың рейтингісі оның ұялы байланыс нарығындағы берік позициясына, салыстырмалы түрде төмен леверидж деңгейіне және ең жоғарғы инвестициялық циклдерден тыс ақша ағындарының жақсы генерациялануына байланысты екенін айтады.

«Біздің жұмысымыз бен өз телекоммуникациялық желісін дамытуға бағытталған жобаларымыз клиенттердің өмір сүру сапасы мен жайлылығына тікелей әсер ететінін түсінеміз. Сондықтан өзіміздің инвестициялық ниетімізді жоспарлау кезінде біз сандық сервистер мен қызметтердің жабынын, қолжетімділігі мен сапасын жақсарту жобаларына басымдық береміз. Біздің жыл сайынғы күрделі шығындарымыз орта есеппен 30% -ға өсуде. Бұл инвестициялар байланыс сапасын жақсарту, жаңа базалық станциялар салу және қолданыстағы жабдықтарды жаңарту бағдарламаларына жұмсалады», – деп түйіндеді Асхат Узбеков.

Анықтама үшін:

Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға

Дамир Муллашев

Investor_relations@kcell.kz

Компания туралы

Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.

Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.

Scroll to Top