«Биылғы жыл біз үшін аса ерекше тақырып және ол бірден туындай қойған жоқ. Себебі, біз көтергіміз келген мәселелер қабылдау үшін аса күрделі болып табылады. Атап атқанда, біз қоғамда бар алшақтыққа, түсініспеушілік пен біз білмейтін жасырын тұстарға алаңдаушылық білдірдік. Жасырын тұстар қорқыныштың пайда боуына түрткі болатыны, ал адам қорыққан кезде өзін көпшіліктен таса ұстауға бейім екені мәлім. Сол себепті биылғы тақырыпты „Айдың арғы беті“ деп тұжырымдадық. Өйткені біз қорқыныш сезімінің арғы бетін көргіміз келеді. Біз барлық жаңашылдыққа ашық адамдардың қоғамдастығын құрғымыз келеді», — дейді TEDxAlmaty жетекшісі Лариса Пак өз сөзінде.
7 жылдан бері Алматыда өткізіліп келе жатқан конференция барысында 3 мыңнан астам адам қазақстандық және халықаралық спикерлерден таралуға лайықты идеялармен шабыттануға мүмкіндік алды. Бұған қоса, тағы мыңдаған адам осы ивенттердегі олардың сөйлеген сөздерінің бейнетүсірілімдерін тамашалады. Биылғы конференцияда шамамен 500 қатысушы спикерлердің: іргелі ғылымнан бастап музыкаға дейінгі түрлі салада өткізген 12 лекциясының тыңдаушысы болды.
“TEDxAlmaty әрдайым мүдделес адамдардың басын қосушы алаң болып табылады. Олар үздіксіз дамуға ұмтылып, жаңашылдыққа ашық көзқараспен қарайды және шынымен аса маңызды мәселелерге жауап іздестіреді. Жылдан жылға біз айналамыздағы өмірді жақсартуға көмектесетін идеялардан шабыт алуға мүмкіндік аламыз. Біз кезекті рет осындай ауқымды және маңызды іс-шараның әріптесі болуға қуаныштымыз және әрине бастама бұдан әрі де өз жалғасын тауып, тағы да көптеген адамдарды жаңа идеяларға жәене әрекеттерге шабыттандырады деп үміттенеміз«,- деді Арти Отс, «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры.