«Кселл» компаниясы корпоративтік клиенттер үшін «Геолокация бойынша коммерциялық есеп» қызметін ұсынады. Қызмет аналитикалық зерттеу жүргізуді және зерттеу нәтижелері бойынша геолокациялық карта түрінде есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді. Есеп бизнестің тиімділігін және клиенттердің санын арттыру мақсатында, мысалы: сауда орталықтарының иелеріне өздерінің тұтынушылары, олардың артықшылықтары, келу жиілігі туралы білуге көмектеседі.
Есеп келушілердің шартты «бейнесін» талдауынан, демалыс және жай күндері сауда орталықтарына келушілердің санынан және басқа көптеген нәрселерден қалыптасады. Сонымен қатар, қызмет бәсекелестерді және сауда-ойын-сауық орталықтарына бармайтын, жақын жерде тұратын адамдардың санын талдауға көмектеседі. Мұндай есепті бүкіл Қазақстан бойынша жасауға болады.
«Кселл» компаниясының деректері бойынша тұрғындар айдың бірінші демалыс күндері сауда орталықтарына жиі барады. Келушілердің жартысынан көбі сауда-ойын-сауық орталығына айына бір рет келеді*. Соңғы уақытта сауда орталықтарының саны өсті, және осымен қатар бәсекелестік артты. Нарықтың талаптарын қанағаттандыру және компанияның күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Олар нарықтағы кәсіпорынның жағдайын, өзінің аудиториясын және бәсекелестерін түсінуге көмектеседі. Мұндай зерттеулерсіз бизнес дамымайды«, — деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс атап көрсетті.
Тұтынушының шартты «бейнесі» қоңыраулар белсенділігі, роумингті немесе мобильді оператордың өзге қызметтерін пайдалануы бойынша қалыптасады. Неғұрлым көп сипаттамалар (критерийлер) ескерілсе, мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкес келетін ұсыныстар жасау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Сауда орталықтарының келушілер саны берілген локациядағы тіркелген ұялы байланыс дабылдарының жалпы саны бойынша анықталады. Есепте қамтылған кез-келген ақпарат иесіздендірілген болып табылады және геолокация картасына салынады.
Қызметті қосу сұрақтары бойынша pc@kcell.kz электрондық мекенжайына жазыңыз немесе колл-орталыққа мобильді телефоннан 5869 нөміріне, сондай-ақ қала телефонынан (727) 258 47 74 қоңырау шалыңыз.

* 2017 ж. мамыр айындағы деректер