«Кселл» компаниясы өзінің фирмалық дүкендерінде iPhone 8 / 8+ смартфондарының сатылымы табысты басталғанын хабарлайды. Компанияның мәліметтеріне сәйкес, шамамен әрбір үшінші iPhone 8 / 8+ смартфондары Ксеll / Activ дүкендерінде сатылған. Бұл «Кселл» компаниясына, электрониканың ірі желілерінен озық болып, осы сериялы смартфондарды Қазақстанда сатуда алдыңғы орынға шығуға мүмкіндік берді. Компанияның мәліметтеріне сәйкес, iPhone8 және iPhone8 Plus смартфондарына ең үлкен сұраныс Алматы, Астана және Шымкент қалаларында байқалады. Бұл ретте көпшілігі смартфондарды келісімшарт бойынша сатып алуға артықшылық береді.
«Табысқа «Кселл» компаниясының ретті жұмысы мен кәсіпқойлығы арқасында қол жеткізілді”,- дейді Бұқаралық нарықты дамыту жөніндегі департаменттің директоры Ирина Савина. —Біз қазақстандықтарға жаңа өнімді бөліп төлеу арқылы келісімшарт бойынша сатып алудың ұтымды талаптарын ұсынып қана қоймай, бұл ақпаратты қысқа уақыттың ішінде ғана әлеуетті сатып алушылардың кең ауқымының назарына жеткіздік«.
Алғашқы 7 күннің ішінде келісімшарттар бойынша iPhone 8 / 8+ смартфонының 86% сатылды. Келісімшарттың ішіне бөліп төлеу және сатып алушының таңдауы бойынша қызметтер пакеті кіреді. Бұл ретте, Kcell Contract iPhone 8 / 8+ алдын-ала төлемсіз сатып алуға мүмкіндік береді. iPhone8 64 GB үшін 24 айға бөліп төлеу арқылы, ай сайынғы төлем мөлшері бар болғаны 16 000 теңгені құрайды. Қызметтердің пакетіне келісімшарттың осындай мерзімі кезінде 15 GB интернет-трафик, ҚР өзге мобильді операторларының нөмірлеріне қоңырау шалу үшін 300 минут және Kcell / Activ желісінің ішінде шексіз сөйлесу қоңыраулары кіреді. Осы және басқа да ұсыныстар бойынша ақпарат келесі сілтемеде: http://kcell.mobi/kcellcontract.
iPhone8 64 GB 24 айға бөліп төлей отырып, Activ Contract арқылы сатып алу кезінде, алдын ала төлем 32 000 теңгені құрайды, ал ай сайынғы төлем мөлшері — 14 000 теңгеге тең. Осы сомаға 25 GB интернет-трафик (10 GB күндіз және 15 GB түнгі уақытта), ҚР өзге мобильді операторларының нөмірлеріне қоңырау шалу үшін 200 минут және Kcell / Activ желісінің ішінде шексіз сөйлесу қоңыраулары кіреді. Осы және басқа да ұсыныстар бойынша ақпарат келесі сілтемеде: http://activ.mobi/activcontract.
Kcell / Activ желісінде iPhone8 және iPhone8 Plus сатылымы 20 қазанда басталды. Мәліметтерді талдау барысында, сатып алушылардың iPhone8 үлгісіне артықшылық беретіні анықталды: Kcell / Activ желісінде сатылған смартфондардың 70% астамы осы үлгіде. Қазақстан бойынша Kcell / Activ дүкендеріндегі iPhone8 толық құны 319 990 теңгеден басталады.
«Кселл» компаниясы 2014 жылдан бастап iPhone Қазақстан аумағындағы дистрибьюторы болып табылады. «Кселл» әр кезеңде еліміздегі осы бренд сатылымының шамамен 30% үлесін қамтиды. iPhone сатудағы табыстың негізі — компанияның қолжетімді баға саясаты мен iPhone кепілдік қызмет көрсетуді іске асыратын сервис-орталығының болуы.
«Таяу уақытта біз iPhone брендін ұнататын сатып алушыларды биылғы жылдың күтіліп отырған тағы бір хиты- iPhoneX өнімімен қуантпақпыз,- дейді Ирина Савина. — Осы үлгінің смартфондарын да Kcell / Activ дүкендерінде қолжетімді және тиімді талаптарда келісімшарт бойынша бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Алдын-ала тапсырысты рәсімдеу немесе сатып алудың барлық талаптарын білу үшін www.kcell.kz және www.activ.kz сайттарындағы ақпаратты қадағалаңыздар».