Алматы, 26 желтоқсан, 2017 — «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы, Fitch Ratings агенттігінің Кселл АҚ қамтамасыз етілмеген басымдықты қарызына “BB”/”A(kaz)” (“BB”/”Тұрақты” болжамы) рейтингін және компанияның 30 млрд. теңгеге дейінгі сомаға ішкі облигацияларының жоспарланатын шығарылымына “BB(EXP)”/”A(kaz)(EXP)” рейтингін бергендігін хабарлайды.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell. kz |
| БАҚНаталья Еськова | Теl: +7 727 2582755Pressa@kcell. kz |
| Шетелдік БАҚ | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Адриан Дюфилд
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Кселл акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту мақсатында өзінің 3G желісін дамытуға, сондай-ақ 4G стандартындағы жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестициялауды жалғастырады. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.