«Кселл» АҚ Sonera Holding B.V.-ден хабарлама алғандығы туралы хабарлайды
Алматы, 2018 жылғы 2 ақпан — «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Компания», LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы, Компанияның Sonera Holding B.V.-ден (Sonera) 2012 жылғы 26 тамыздағы Өзара түсіністік туралы меморандумның (Меморандум) әрекетін біржақты тәртіпте тоқтататындығы жөнінде хабарлама алғандығы туралы хабарлайды.
Меморандумға сәйкес, Sonera компаниясы Кселл компаниясына, өз кезегінде, «ҚазТрансКом» АҚ-дағы акциялардың бақылау пакетінің иесі болып табылатын «Родник Инк» ЖШС-дегі Sonera бүкіл қатысу үлесін сатып алу құқығын берген болатын (толық деректер «Кселл» АҚ Проспектінің «Сатып алулар және инвестициялар» бөліміндегі 71-бетте берілген). Меморандум талаптары бойынша аталмыш хабарламамен Меморандумның әрекеті, соған сәйкес, Кселл компаниясының «Родник Инк» ЖШС-дегі Sonera бүкіл қатысу үлесін сатып алу міндеттемесі тоқтатылады.
Анықтама үшін
| Кселл | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен / Галина Кулачек / Эдриан Даффилд |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.