2017 жылы «Кселл» жүйесіндегі деректер трафигі шамамен 188 мың Тб құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 58,5% көбірек (шамамен 119 мың Тб). Тек 4G/LTE жүйесінде Kcell мен Activ абоненттері 61 мың Тб аса мәлімет пайдаланды, оның ішінде Алматыда — шамамен 18 мың Тб және 14 мың Тб астам Астанада. 2017 жылдың төртінші тоқсанының қортындысы бойынша деректер трафигі 47,8% өсті де шамамен 55 мың Тб. құрады.
«2017 жылы „Кселл“ компаниясы 4G/LTE жүйесінің дамуында айтарлықтай озық нәтижелерге қол жеткізді. 4G/LTE қызметтерімен халықтың 49%қамтылған, ал компанияның жалпы трафигінің 40% жуық қазіргі уақытта 4G / LTE желісіне түседі. 2018 жылы біз бұрынғыдай өзіміздің нарықтағы алдыңғы қатардағы позициямызды күшейтеміз және технологиялық үстемдікті ұлғайтамыз. 4G /LTE желісін одан әрі дамыту аясында біздің күш-жігеріміз жаңа өнімдерді дамытуға, сондай-ақ смартфон пайдаланушылардың пакеттік және келісімшарттық ұсыныстарды қолдануын көбейтуге бағытталатын болады», — деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс атап өтті.
2017 жылдың соңына қарай Қазақстанның 38 елді мекендерде төртінші буын байланысы пайда болды. 2017 жылдың мамырында «Кселл» компаниясы Kcell және Activ абоненттері үшін 4G+ желісін (LTE Advanced) пайдаланудың басталғанын хабарлады. Сегіз ай ішінде 4G+ (LTE Advanced) Алматы, Ақтау, Астана, Атырау, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Жаңаөзен, Орал мен Маңғыстау облысының Теңге ауылында пайда болды. 4G+ (LTE-Advanced) -тің негізгі ерекшелігі 1800 МГц және 800 МГц жиіліктер диапазондарының бірлестігі болып табылады, бұл 4G/LTE желілеріне қарағанда бірлескен жиіліктердің санына және еніне байланысты деректердің екі есеге дейін жоғары жылдамдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.