Activ сауда таңбасының абоненттері өздерінің абоненттік нөмірлерінің теңгерімінен World of Tanks, World of Warships, World of Warplanes онлайн ойындарында техника мен жабдықты сатып алуға тез әрі ыңғайлы түрде мүмкіндік алады.
Бұл «Кселл» АҚ Wargaming компьютерлік ойындарының әлемдегі ең ірі баспагерлерінің бірімен компанияның мобильді қаржылық қызметтер (MFS) бағытын дамыту аймағында ынтымақтастығының басталуына байланысты мүмкін болды.
«Бір жарым жыл бұрын біз MFS белсенді түрде дамытуды бастадық. Осы уақыт ішінде, мобильдік нөмірдің теңгерімі біздің көптеген клиенттер үшін әдетті „виртуалды әмиянға“ айналды. Теңгерімнен жүргізілетін төлемдер көптеген әртүрлі қызметтерді: автотұрақтардан және Алматыдағы қоғамдық көліктен коммуналдық төлемдер және көп пайдаланушы онлайн ойындарында ішкі ойын сатып алымдарға дейін жеңілдетіп және ыңғайлылығын арттырды, бұл көптеген қосымша жабдықтарды сатып алу жылдамдығына байланысты — деп түсіндірді Арти Отс, „Кселл“ АҚ директоры. — Біз бүгін осы ыңғайлы төлеу әдісінің Wargaming онлайн ойындар жанкүйерлеріне де қол жетімді болғанына қуаныштымыз».
«Біз әрбір адамға ойында сауда жасаудың ең ыңғайлы және жеңіл әдісін беруге тырысамыз. Нөмірдің теңгерімінен төлеудің жаңа әдісі Қазақстандағы цифрлық шайқастардың жанкүйерлеріне ұнайды деп үміттенеміз. Бұл жағдайда сатып алу технологияның дамуын жеделдетуге немесе бірегей модельді алуға көмектесетінін еске сала кетейік, бірақ ойынды жеңудің міндетті шарты болмайды», — деп Wargaming баспасөз қызметінде хабарлады.
Мобильді нөмір теңгерімінен онлайн ойын үшін жабдық және сайманның төлемін қалай жүргізуге болады:
- Сатып алу кезінде көрсетілген нөмірге абонент төлемді растау үшін 7701 нөмірінен SMS- хабарламасын алады;
- Бұл SMS-хабарламаға жауап ретінде «1» мәтіні бар SMS-хабарлама жіберу керек. SMS-хабарлама үшін төлем алынбайды;
- SMS-жауаптың сәтті өткенінен кейін, сондай-ақ баланс шотында қажетті сома болған жағдайда, сатып алу бағасы нөмірдің қалдығынан есептен шығарылады, ал абонентке жүргізілген төлемнің нөмірімен SMS-хабарлама келеді. Төлем комиссиясы алынбайды;
- SMS-хабарламада белгіленген төлем нөмірі арқылы, сатып алу туралы мына сайтта http://activ.mobi/mobimoney_PR толығырақ тексеруге болады