Жаңа қызмет «Кселлдің» корпоративтік клиенттеріне бизнес тиімділігін бақылауға, шығыстарды азайтуға, объектілерді SIM-картамен бақылауды автоматтандыруға және жеткізу маршруттарын оңтайландыруға көмектеседі.
Қалай жұмыс істейді?
Ұялы телефонда орнатылған қажетті бағдарлама, GPS/ГЛОНАСС сигналдарын қолданып, Kcell корпоративтік клиентінің абоненттік нөмірі бар SIM-картаның орналасқан жерін анықтайды. Смартфоннан алынған деректер GSM желісі арқылы орталық серверге жіберіледі. Орталық сервер есепті автоматты түрде жасайды, оларды географиялық картаға салады және Kcell корпоративтік клиенті веб-портал арқылы Интернетте объектілерді бақылау жүйесіне тәулік бойы қол жеткізе алады.
«Егер кәсіп объектілері «түзде» болса онда оларды қадағалау, жоспарлау және сапар бағытына тапсырма беру қажет болса, бұл қызмет объектінің қозғалысын бақылауға көмектеседі. Бұл курьерлік немесе қызмет көрсету орындарына ғана емес, сондай-ақ фармацевтикалық компанияларға да, кез келген қызметкерлер, өз міндеттеріне сәйкес, қаланың әр түрлі аудандарында және одан тыс жерде болуы тиіс кез келген бизнес түріне қызықты болуы мүмкін. Қызмет барлық Kcell-дің корпоративтік клиенттеріне қол жетімді және автокөлікті қадағалауға тура келетін бірақ тиісті жабдықтарға инвестиция жасауға дайын емес кәсіпкерлердің де қызығушылығын тудыруы мүмкін», – деді «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту директоры Вадим Лю.
Қызметтің веб-порталы ыңғайлы интерфейске ие, ол пайдалануға ыңғайлы және көруден басқаруға дейін әр түрлі топтамалы қолжетімділік деңгейі икемді, Интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы қолдануға болады. Барлық деректер қызмет серверінде 12 айға дейін сақталады. Қызмет объектінің қозғалысын онлайн режімінде бақылайды және белгілі бір уақыт кезеңі бойынша геозон картасына енгізу арқылы есепті жүктейді.
Қосылу сұрақтары бойынша pc@kcell.kz электронды мекен-жайына хат жазыңыз немесе ұялы телефоныңыздан 5869 нөміріне қоңырау шалыңыз, сондай-ақ, қалалық (727) 258 47 74 телефон нөміріне хабарласыңыз.