Алматы, 2018 жылғы 23 сәуір. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL), табыс көлемі мен абоненттік базасы бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, «Кселл» АҚ тәуелсіз директоры Ингрид Мария Стенмарктің Қоғамды 2018 жылғы 17 сәуірден бастап өз өкілеттіктерін тапсыру ниеті жөнінде хабардар еткендігі туралы хабарлайды.
2018 жылғы 17 сәуірдегі ахуал бойынша, Кселл Директорлар кеңесінің іс басындағы мүшелері мыналар болып табылады: Иан Э. Рудберг – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор; Уильям Х.Р. Эйлуорд – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Владимир Смирнов – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Дуглас Луббе – Директорлар кеңесінің мүшесі; Эмиль Нильссон – Директорлар кеңесінің мүшесі; Питер Лав – Директорлар кеңесінің мүшесі.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | тел: +7 727 2582755 ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | тел: +7 727 2582755 ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | тел: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания Қазақстан Республикасының халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту, сондай-ақ белгіленген тәртіпте 4G стандартындағы жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізу мақсатында өзінің 3G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.