Алматы, 2018 жылғы 23 сәуір. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL), табыс көлемі мен абоненттік базасы бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 мамырда сағ. 10:00-де (Алматы уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 2Г мекен-жайында «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру жөнінде шешім қабылдағандығы туралы хабарлайды. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу таңғы сағ. 09:00-де (Алматы уақыты бойынша) басталады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтпеген жағдайда, «Кселл» АҚ акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы 2018 жылғы 31 мамырда таңғы сағ. 10:00-де (Алматы уақыты бойынша) өткізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығын 2018 жылғы 27 сәуірдегі (Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 01:00) ахуал бойынша Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінде акционерлер ретінде тіркеген акционерлер иеленеді.
Тіркелу үшін жеке бас куәлігін ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғаларға дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсету қажет.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі
- Акционерлердің жалпы жиналысының Төрағасы мен Хатшысын сайлау және дауыс беру нысанын анықтау.
- Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- Есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау.
- «Кселл» АҚ жылдық қаржы есептілігін бекіту.
- «Кселл» АҚ есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан шыққан мүшесі Ингрид Мария Стенмарк ханымның орнына жаңа мүшені сайлау.
- «Кселл» АҚ пен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды қарастыру нәтижелері бойынша мәселелерді қарастыру.
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мен атқарушы органы мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы акционерлерді хабардар ету.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
«Кселл» АҚ акционерлері Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен materialsgm@kcell.kz электронды адресіне акционер мәртебесін растайтын сұранымы мен құжаттарын жібере отырып немесе «Кселл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қаласы, Самал-2 ықшамауданы, 100-үй мекен-жайында таныса алады. Акционерлердің жалпы жиналысының материалдары жиналыс өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын танысу үшін қолжетімді болады. Акционердің сұранымы бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құжаттардың көшірмелерін жасаумен және оларды жеткізумен байланысты шығындарды акционер көтереді.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | тел: +7 727 2582755 ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | тел: +7 727 2582755 ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | тел: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания Қазақстан Республикасының халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту, сондай-ақ белгіленген тәртіпте 4G стандартындағы жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізу мақсатында өзінің 3G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.