31 мамыр-1 маусым аралығында Алматыда дәстүрлі халықаралық PR-форум болып өтті, оған Қазақстан мен шетелдерден 250-ден аса маман қатысты.
Форумға дәстүр бойынша жетекші PR-мамандары, пікір көшбасшылары, мемлекеттік және бизнес құрылымдардың топ-менеджерлері, еліміздің жетекші басылымдарының бас редакторлары мен журналистері қатысты. «Кселл» компаниясы тағы бір іс-шараның ресми серіктесі болды.
Биылғы жылы ұйымдастырушылар «NEO PR Коммуникации 360°» тақырыбын таңдап алды және бұл кездейсоқ емес. PR-кәсіби мамандардың қолында қоғам және клиенттермен өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа арнасы, оның ішінде digital құралдары бар.
«2017 жылғы 10 ең басты PR-оқиға», «Қазақ тілінде қарым-қатынас», «Бизнестің тұрақты дамуы: тәуекелдерді басқару және мемлекеттік органдармен жұмыс», «CEO және беделді басқару», «Әлеуметтік сезімтал байланыс», «360° қарым-қатынас»: Digitalmarketing және PR. Ымыраға қалай қол жеткізуге болады?»- форумның бірінші күнінде пленарлық пікірталас тақырыбы осындай.
«Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің бастығы Наталья Еськова «360° қарым-қатынас»: Digital marketing және PR: Ымыраға қалай жетуге болады?» секциясының модераторы болды және бөлім жұмысында нақты кейстермен бөлісті.
«Қазіргідей digital корпоративтік коммуникацияның жұмысы мен digital маркетинг әріптестеріміздің жұмысы арасында шекара бұрын ешқашан болған емес. Маркетинг қай кезде аяқталады, digital PR қай кезде басталады? Қазіргі заманғы PR кәсіби мамандарының сdigital-маркетологтармен ортақ тіл табысуы, бір-бірін түсінуі және 360 форматта тиімді қарым-қатынаста ымыраға келуі үшін қандай негізгі digital дағдыларды білу керек? Дәл осы сұрақтарға біз осы секцияда жауап табуымыз керек», – деді Наталья Еськова.
Форумның екінші күні жаңа орында және жаңа форматта өтті. Қатысушылар тауда «Qazaq Auyl» кешенінде болды. Фасилитирленген секциялар киіз үйде өткізілді, содан кейін қатысушылар топ болып тәжірибелік жұмыстар орындады. Барлық секция ел брендінің түрлі аспектілеріне арналды. Команда мүшелерінің ол топтық тапсырмалар бойынша одан әрі жұмыс істеуге пайдалы поинт шығару үшін әр спикерді тыңдауы маңызды болды. Спикерлер «Қазақ туризм» ҰК, « VisitALMATY туристік ақпарат орталығы», Астана конвеншн бюро, Almamuseum, жоба-консалтингтік студия өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстандағы Израильдің төтенше елшісі Миxаэль Бродский болды.
Секция жұмысының нәтижесі http://prforum.kz және www.pressclub.kz сайттарында жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шараның өзгермейтін ұйымдастырушылары – «PR-шы қоғаммен байланыс бойынша қазақстандық кәсіби мамандардың ресми емес клубы», PGCommunications агенттігі, НАСО және Қарымқатынас кеңесшісі халықаралық қауымдастығы.