Алматы, 2018 жылғы 12 маусым – «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (LSE, KASE: KCEL), нарықтағы үлесі мен абоненттерінің саны бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы, Қоғамға зияткерлік меншік құқықтарын бұзды деген айыптаумен талап арыздың қойылғандығы туралы хабарлайды.
Талап арызды «Кселл» АҚ мен оның әріптесі «Terraline» ЖШС-не қатысты Кселл Mobi TV сервисі бойынша ТВ топтамалардың біріне қосылған Muzlife арнасы хабарларының бағдарламасына, атап айтқанда, 2016 жылы 18 күн бойы 49 клипке ретрансляция жасау бөлігінде «DL Construction» ЖШС мен ресейлік Warner Music компаниясының арасындағы шарт аясында зияткерлік меншік құқықтарын бұзды деген айыптаумен «DL Construction» ЖШС қойған.
2018 жылғы 15 мамырда бірінші инстанциядағы сот «Кселл» АҚ мен «Terraline» ЖШС тарапынан авторлық құқықтардың бұзылу фактісін растап, 672 млн. теңге сомасында өтемақы төлеу туралы үкім шығарды. Шешім заңды күшіне енген жоқ. Компания осы сомаға резерв құрды.
Қоғам авторлық құқықтардың бұзылуы туралы кінәрат-талаптың негізсіз екендігіне сенімді. Кселл өз ұстанымын қорғайды және өз клиенттері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында сот шешіміне апелляциялық тәртіпте шағымданатын болады.
Сондай-ақ Қоғам дәл сол тараптан авторлық құқықтың болжалды бұзылуына байланысты 1 млрд. теңге және 4 млрд. теңге сомасына қосымша екі сотқа дейінгі кінәрат-талапты алды. Қоғам бұл кінәрат-талаптарды да негізсіз деп санайды.
Арти Отс, Бас атқарушы директор:
«IPO-ға шыққан, сондай-ақ 2012 жылы Лондон және Қазақстан қор биржаларындағы листингтен өткен мезеттен бастап, біз акционерлеріміз үшін ашықтық пен құндылықты қамтамасыз ету мақсатында өзіміздің барлық компанияларымызда және корпоративтік басқару жүйемізде үздік әлемдік тәжірибені бұлжытпай енгізіп келдік.
Соттың бұл шешімді біз негізсіз деп санайтын пайымдаулар негізінде қабылдап отырғандығы аса өкінішті. Соңғы жылдары Қазақстан осы аймақтағы халықаралық инвестициялар үшін сенімді объект беделін қалыптастыруға ұмтылып келеді. Және бұл жағдай Қазақстан үкіметі мен бизнес-қоғамдастығының маңызды жетістіктерін, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктер көзі ретіндегі беделін айтарлықтай төмендетеді».
Кселл жағдайдың ары қарайғы дамуы туралы уақтылы хабарлап отыратын болады.
Байланыстар:
| «Кселл» АҚ | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен / Галина Кулачек |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді, сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады. Кселл өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.