Бірінші инстанция соты «Кселл» тарапынан бұзушылық туралы қандай да бір дәлелсіз Балиев мырзаның талабын қанағаттандырды және талапкердің пайдасына 670 млн. теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Қазіргі уақытта «DLConstruction» ЖШС-ның «Кселл» компаниясына жасаған шағымының жалпы сомасы 40 млрд.теңге болып отыр. Ұялы байланыс операторы Данияр Балиевтің компаниясының талабымен келіспейді және сот талқылауының әділдігіне күмән келтіреді.
Данияр Балиевқа тиесілі «DLConstruction» ЖШС сотта «Кселл» АҚ және оның серіктесі «Terraline» ЖШС-нің «DLConstruction» ЖШС-ға берілген авторлық құқықтарды осы компаниялардың бұзғаны туралы талап қойды. «DLConstruction» ЖШС пікірінше, «Кселл» компаниясы және оның серіктесі MobiTV пакеттерінің біріне кіретін «Muzlife» телеарнасында 18 күн бойы 49 бейнебаян таратылып, компания авторлық құқықты бұзған, ал «MuzLife» телеарнасына берілген тарату құқығы сотта дәлелденбегенін айтты.
Бірінші инстанция соты «Кселл» АҚ байланыс операторы және «Terraline» ЖШС авторлық құқықты бұзды деп таныды және туындының әрбір шығарылымы үшін жалпы сомасы 670 млн.теңге 1300 АЕК өтемақы өндіріп алуға шешім шығарды.
Қазіргі уақытта Данияр Балиевтың компаниясы «Кселл» АҚ-на жалпы сомасы 5 млрд. теңгеден асатын сотқа дейінгі тағы 2 талап қоюда. Бұдан басқа, «DLConstruction» ЖШС «Кселл» АҚ-нан Балиев мырзаның компаниясына берілген барлық авторлық құқықтың ұялы байланыс операторының және оның серіктесінің тарапынан бұзылғаны үшін өтемақы ретінде 40 млрд. теңгені өндіріп алуға ниеттеніп отыр.
«Кселл» АҚ авторлық құқық бұзушылықпен келіспейді. Компания сот шығарған шешімге шағымдануды жалғастырады және төмендегідей мәлімдеме жасайды:
«Кселл» АҚ ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және Қазақстанда авторлық құқықты қорғау саясатына толықтай жауап береді. 2 жыл бұрын компания өзінің және нарық алдына тұтынушы мінез-құлқын өзгертуге және авторлық құқығы сақталған заңды контентті тұтынуды қолжетімді, және ыңғайлы етуді мақсат етіп қойды.
Осы мақсатты іске асыру үшін «Кселл» АҚ тарапынан ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті құжаттар жасалды. Осы құқықтық құжаттар, соның ішінде және барлық қажетті шарттар, «Terraline» ЖШС-і таратқан заңды контентке компания клиенттеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
ҚР заңнамасы тұрғысынан алғанда «Terraline» ЖШС-нің контентке заңды қол жеткізуді қамтамасыз ететін барлық қажетті құжаттары бар.
Келісімшарт бойынша да Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «MuzLife» телеарнасы пайдаланатын бейне контенттің авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігі өз хабарлар бағдарламасын қалыптастыратын осы телеарнаға жүктеледі және онда тек осы арнаға берілген қажетті құқық бойынша зияткерлік меншік құқығының объектілерін ғана қолдануға және енгізуге міндетті.
Сот Балиев мырзаға тиесілі компанияға берілген авторлық құқықты бұза отырып, бейнематериалды іс жүзінде таратқаны туралы бірде бір тиісті дәлел ұсынбады.
Данияр Балиевтің логикасына сәйкес, телеарна, телерадиохабарларын тарату операторы, біздің жағдайда сондай-ақ мобильді байланыс операторы рұқсат алуы міндетті және екінші және үшінші рет телеарна өзінің хабар тарату желісінде пайдаланған бейне контент үшін лицензиялық сыйақы төлеуі керек.
Сот органдарының осындай шешімдері мен әрекеттері елде авторлық құқықтың сақталуымен бірге заңды контенттің дамуына және таралуына теріс әсер етеді. Олар сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманың нормаларына қайшы келеді.