Kcell абоненттері енді mobimoney.kz сервисі арқылы мобильді теңгерімнен 150-ден астам әртүрлі қызмет түрлерін төлей алады, тауарларды сатып алады, тұрақтарды, қоғамдық көліктегі жол ақысын және басқаларын төлей алады. Activ абоненттері 2016 жылдан бастап қызметтерге теңгерімнен төлейді.
«Кселл брендінің пайдаланушылары үшін мобильдік теңгерімнен тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуді енгізу үшін үлкен жұмыс жасадық. Kcell және Activ клиенттеріне әртүрлі екі биллинг-жүйелермен қызмет көрсетіледі (абоненттік нөмірлерге техникалық қызмет көрсету үшін бағдарламалық жасақтама), сондықтан компанияның барлық абоненттері үшін мобильді қаржылық қызметтерді біртіндеп іске қосу үшін бізге уақыт қажет болды. Біз енді барлық клиенттеріміз mobimoney.kz қаржы порталы, SMS арқылы және біздің серіктестердің сайттарында қызметтер мен тауарларды төлей отырып, мобильді теңгерімді пайдалана алатындығын қуана хабарлаймыз. Бұл оңайлық – мобильді телефон әрдайым жаныңызда, жылдамдық – мобильді телефон нөмірі әрқашан есіңізде сақтаулы, қауіпсіздік – сатып алуды немесе төлеуді растау әрдайым SMS арқылы өтеді. Kcell абоненттері үшін мобильді теңгерімнен төлеу мүмкіндігін іске қосу арқылы біз МҚҚ дамытуға, Қазақстанның цифрландыруына және клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға тағы бір қадам жасаймыз», – деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс атап өтті.
Мәселелерді және күнделікті істерді жылдам шешу міндеттерді тиімді бөлуге және өзіне, отбасына немесе жақсы көретін ісіне көбірек уақыт бөлуге көмектеседі. Күнделікті мәселелерді шешуді онлайн кеңістігіне аударыңыз – ұтымды болу үшін бұл жақсы қадам.
Компания абоненттерінің мобильдік теңгерімінен төлеу үшін ТОП-8 қызметтері төмендегідей:
- Букмекерлік кеңселерде төлем шоттарын толтыру;
- «Казпошта» АҚ бөлімдерінде мобильді теңгерімнен ақша шешіп алу;
- Алматы қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеу;
- Автомобильдерді және жылжымайтын мүлікті сату / сатып алу үшін сайтта ақылы хабарландыруды ұсыну;
- Астана және Алматы қалаларында тұрақ ақысын төлеу;
- Онлайн-ойындарда қосымша ойын жарақтарын және жабдықтарын сатып алу;
- Мобильді нөмір теңгерімін толтыру;
- Іс-шараларға билеттер сатып алу.
«Кселл» АҚ төлеу үшін қызметтердің санын арттыруды жоспарлап отыр – бұл электрондық үкімет қызметтері, ақылы автожолдар. Төлеу үшін қолжетімді қызметтердің және серіктестердің тізімін mobimoney.kz сайттан білуге болады.
«WOOPPAY» қаржы-техникалық компаниясы mobimoney сервисінің технологиялық серіктесі болып табылады.