Алматы, 2018 жылғы 27 шілде. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор, Райнер Ратгебердің бас атқарушы директор болып тағайындалуы туралы хабарлайды, тағайындау тиісті мемлекеттік органдардан рұқсат алғаннан кейін күшіне енеді.
Ратгебер мырза 2014 жылдан бастап Компанияның Бас атқарушы директоры болған Арти Отсты алмастырады. Отс мырза 2018 жылғы 13 тамызда өз лауазымынан кетеді. Telia компаниясындағы Fintur Markets вице-президенті Мансурджон (Мансур) Хамидов өтпелі кезеңде Бас атқарушы директор қызметін атқарады.
Райнер Ратгебердің телекоммуникациялық салада мол халықаралық тәжірибесі және төрт құрлықта жұмыс істеу тәжірибесі бар. Kcell компаниясына келгенге дейін ол Pakistan Telecom еншілес және мобильді компаниясы – Ufone компаниясының бас директоры болды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін қоса алғандағы кезеңде Райнер Etisalat компаниясында (Әмірліктердің телекоммуникациялық және жерсеріктік компаниясы) коммерциялық директор болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол Deutsche Telekom AG және T-Mobile International AG компанияларында бірқатар басқарушы лауазымдарда болды.
Өзгерістерге қатысты пікір білдіре отырып, «Кселл» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ян Эрик Рудберг былай деді:
«Біз Райнердің Kcell атқарушы директоры лауазымын иеленетіндігіне өте қуаныштымыз. Оның телекоммуникация секторында әр түрлі нарықтардағы мол халықаралық тәжірибесі Компанияның өсуі мен дамуына септігін тигізетін болады.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Артиге Компанияға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіргім келеді. Оның тәжірибесі мен көшбасшылық дағдылары Компания үшін өте күрделі уақытта соңғы төрт жыл ішінде Кселл үшін аса құнды болды».
Райнер Ратгебер былай деп пікір білдірді:
«Мен қарқынды Қазақстан экономикасында жұмыс істейтін жетекші мобильді компания – «Кселл» АҚ-на қосылғаныма қуаныштымын. Мен Кселл командасымен жұмысымыздың жемісті болатындығына сенім білдіремін және Компания клиенттері мен акционерлеріне жоғары сапалы қызметтер мен құндылықты үздіксіз жеткізу ісіне баса көңіл бөлемін».
Сұранымдар үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек, |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Болашақта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желілік қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға, сондай-ақ 4G стандартындағы жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.