19 қыркүйекте жыл сайынғы KazakhstanGrowthForum саммиты өтті, онда жаһандық сандық жүйеге көшіру үрдістерінің әсерін ескере отырып, отандық компаниялардың бизнесін басқарудың өзекті мәселелері және өсу мүмкіндіктері талқыланды. «Кселл» АҚ–ң бизнес-нарықты дамыту жөніндегі директоры Вадим Лю конференцияда телекоммуникациялық компания ішінде стартапты іске қосу тәжірибесі туралы және корпоративтік ортада инновацияны ынталандыруға қалай көмектесетіндігі туралы айтып берді.
«Мен корпоративтік әлемге стартаптан арқылы келдім және дәл осы стартаптар инновация арқылы өмірді жақсы жаққа өзгерте отырып, әлі ұзақ уақыт бойы дәстүрлі бизнес-модельдерге нұқсан келтіретіндігіне сенемін. «Кселл» компаниясында біз ауқымына қарамастан кәсіпкерлік рух пен жылдамдықты сақтайтын корпорациялардың тәжірибесін зерттедік. Осыдан кейін компанияның ішінде өзіміздің стартаптарды құрдық. Қазір ол 5 бағытта жұмыс істейді: қаржылық қызметтер, деректерді ақшамен алмастыру, онлайн-дүкен, IoT және цифрлы контент. Икемді кросс-функционалды команда кірісті ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады және жаңа тәжірибелер үшін сынақ алаңы болып табылады, олардың ең жақсыларын пайдалана отырып, біз негізгі бизнесте жаңартамыз», – деді ол өз сөзінде.
KazakhstanGrowthForum-ға елдегі ірі компаниялардың 300-ден астам басшылары мен акционерлері, салалық талдаушылар, шетелдік инвесторлар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Форум қонақтары арасында Ерболат Досаев, Ораз Жандосов, Қайрат Мажибаев, Абылай Мырзахметов, Айдан Карибжанов пен Давид Уактэл болды.
Биылғы жылы форумның негізгі тақырыбы жаһандық трендтермен және Қазақстан экономикасын сандық жүйеге көшіру міндеттерімен байланысты болды. Форумға шақырылған сарапшылар цифрлық технологияларды бизнеске енгізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Форум барысында спикерлер дамушы нарықтарда тиімділігі жоғары кәсіпкерлікті жандандыру, ұлттық экономикалық басымдықтар, технологиялық алшақтықты жеңу сияқты тақырыптарды және тағы басқа мәселелерді көтерді.