«Кселл» компаниясы «Tour of Almaty» халықаралық веложарысының техникалық серіктесі болды. Жарыс бағытының барлық жерінде компанияның 160-тан астам базалық станциялары жұмыс жасап, екі телеарна үшін 4G+ көмегімен тікұшақтан видеотрансляция жасауға жағдай жасады. Оның ішінде көрермендері 60 миллионнан асатын Eurosport телеарнасы да бар.
Веложарысқа арнайы бірнеше базалық станциялар жартылай жаңартылды. Бағыттың таулы бөлігінде компанияның мамандары қосымша мобильді станцияны іске қосты. Осының барлығы жарыс трассасында деректерді табыстау жылдамдығы 225 Mбит/с-қа дейін барған барынша мобильді интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Тікұшақтан тікелей трансляция жүргізу барысында тұрақты интернетке қосылуды ұйымдастыру үшін «Кселл» компаниясының радиоөлшеу кешені және телеарналардың түсірілім тобымен бірге трассаны тестік аралап ұшып шығу жасалды. Тестік аралап ұшып шығу барысында алынған деректер жер үстіндегі құрылғыларды тиімді етіп, берілетін сигналдардың сапасын жақсартуға көмектесті.
«Ірі ұялы оператор ретінде «Кселл» қуанышпен «Tour of Almaty 2018» халықаралық веложарысқа қолдау көрсетті. Біз үшін біздің компанияның 20-жылдық мерейтойы кезінде өтіп жатқан осындай маңызды спорттық шараның бір бөлігі болу үлкен құрмет. Осы жарыста қазақстандық «Astana» командасы жеңіске жеткеніне өте қуаныштымыз!», – деді «Кселл» АҚ-ның техникалық департаментінің директорының орынбасары Кирилл Страшенко.«Tour of Almaty» – Орталық Азиядағы ең ірі профессионалдық веложарыстардың бірі. Осы жылы жарыс екі кезеңде өтті. Бағыттың жалпы ұзындығы 350 километр шамасында болды. Әлемнің 15 мемлекетінен келген спортшылар бірінші орын үшін күш сынасты. Екі күндік веложарыстың жеңімпазы «Astana» командасының мүшесі, итальяндық спортшы Давиде Виллелла атанды