Алматы, 21 қараша 2018 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторы, Мансурджон (Мансур) Хамидовтың бас атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастыратындығын хабарлайды.
Райнер Ратгеберді бас атқарушы директор лауазымына тағайындау туралы 2018 жылғы 27 шілдедегі мәлімдемеге қосымша ол жеке себептер бойынша бас атқарушы директор лауазымнан бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз.
Хамидов мырзаның Еуразия телекоммуникациялық саласында жұмыс тәжірибесі мол, бұрын Тәжікстандағы Tcell компаниясының бас атқарушы директоры және Telia тобы Еуразия аймағының вице-президенті лауазымын атқарған.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, ішкі1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, ішкі1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек, Эдриан Даффилд |
Компания туралы
Кселл мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Кселл Лондон қор биржасында GDR(жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру TeliaSonera компаниясының Kcellакционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 млн. дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
Алдағы уақытта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында өзінің 3G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастырады.Кселлөз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, түсім көлемі мен абоненттерінің саны бойынша мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.