Қазақстандық бизнес әлемдік экономикада өзінің орнын алғысы келсе өзгеруі тиіс. Бұл өзгерістер тек тауарлар мен қызмет көрсетумен шектелмеу керек, басқарушылық үлгісіне де назар аударған жөн. Бұл жайында Kcell компаниясы 20-жылдық мерейтойы аясында өзінің корпоративтік клиенттері үшін өткізген Kcell Innovation Management бизнес-семинарында айтылды.
ScrumTrek (agile-шешімдерді енгізуде маманданатын ресейлік компания) ұйымының меңгеруші серіктесі Анна Обухованың айтуынша, бизнес-үдерістердің өзгеруі ол жаһандық экономиканы сандық жүйеге көшірумен байланысты болып жатқан бүкіләлемдік тренд. Оған қоса, спикер осындай кез келген өзгерістер — ол нарық үшін әрқашанда үлкен тәуекел екенін ескертті. Себебі нарық жағымды жауап беретініне ешкім кепілдік бере алмайды.
«Біз құбылмалы, белгісіз, күрделі және түсініксіз әлемде өмір сүріп жатырмыз, Қазір төртінші технологиялық революция жүріп жатыр. Алдағы он жылда 50% құрал-саймандар ауыстырылады. Біздің миымыз бұл өзгерістердің артынан үлгере алмауы мүмкін. Адамдармен, таңдау еркіндігі бар ашық нарықпен жұмыс істей отырып, біз „А“ нүктесімен „Б“ нүктесіне жету үшін шағын эксперименттерді жасауға міндеттіміз. Осындай әлемде ұшақтағы автоұшқыш сияқты жұмыс істеуіміз керек: дұрыс бағытта келе жатырмыз ба әлде жолымыздан екі пайызға болса да жылжып кеттік пе екенін қайта-қайта қарап отырған жөн», — деді ScrumTrek компаниясының сарапшысы.
Анна Обухованың айтуынша, қазіргі таңда белгілі бір өнімнің мұқият тексеруі ең басты кезең емес. Қазір ең басты кезең ол өнімнің қаншалықты жылдам нарыққа шығуы болып саналады. Өйткені ол компания ішінде барлық төрешілдік процедураларды, тестілеу кезеңдерін және тағы да басқаларынан өткенше нарыққа ресми шығу мерзіміне өнім еш үмітсіз ескіріп қалады. Сондықтан компаниялардың ішкі оңтайландыруы жедел шешім қабылдауға және эксперименттерді жасау мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасау керек.
«Біз адамдардың мінезін, тәртібін толығымен болжай аламыз, олар өзін бағдарламаланған сияқты ұстайтынын нақты білеміз деп сендіру — ол үлкен қателік. Біз адамдарға олар үлкен қуанышпен сатып алатын өнімді ұсына аламыз, ол оларға толығымен ұнайды деген пікір де қате. Осындай сенімділікпен жасалған заманауи өнім шешімдердің көбісі іске аспай, сәтсіздікке ұшырайды», — деп астын сызып айтты Анна Обухова.
«Кселл» АҚ-ның бизнес-нарығы бойынша даму директоры Вадим Лю өзгерістер, сондай-ақ басқарушылық саласында да өзгерістер компанияның бизнесіне қалай әсер еткенін айтып берді. Қазір ұялы байланыс операторының корпоративтік бөлімінің 60%-дан астам кірісі ол байланыс қызметі емес, ал түрлі бизнес-шешімдер.
«Біз телебайланыс және IT қатар жүріп келе жатқан заманда бизнес үшін шешімдер ол біздің ең басты күшіміз деген жол таңдадық. Егерде біз серіктестерімізбен бірге күшімізді біріктірсек, онда екі есе емес, үш есе жақсарамыз, мықты болатынымызды түсінеміз. Қазір „Интернеттегі заттар“, мобильді қаржылар, деректерді ақшалау қызметтерінде жағдай осындай. Иә, бұл жерде әзірше үлкен кіріс жоқ болса да, бірақ үлкен мүмкіндіктер бар. Бізде бұл бағытта жұмыс істеп жатқан ішкі старт-ап ұжымымыз бар. Бұл бізге төрешілдік процедураларды қысқартып, жедел эксперименттер үшін мүмкіндіктер жасайды», — деді Вадим Лю.