Алматы, 25 қаңтар 2019 — «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, бүгін, 2019 жылғы 25 қаңтар күні сағ. 11:00-де Алматы қ., Тимирязев к-сі 2Г мекенжайында өткен Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (АКТЖЖ) қорытындылары туралы хабарлайды.
Эмитент акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
- 1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының төрағасын және хатшысын сайлау және дауыс беру түрін белгілеу.
- 2. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- 3. Қоғамның директорлар кеңесінің өкілеттіктерін тоқтату.
- 4. Қоғамның жаңа директорлар кеңесін сайлау.
- 5. Қоғамның директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу.
АКТЖЖ бірауызданшешім қабылдады:
«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері:
- · Иан Эрик Рудбергтің (тәуелсіз директор);
- · Уильям Х.Р. Эйлуордтың (тәуелсіз директор);
- · Владимир Смирновтың (тәуелсіз директор) өкілеттіктері тоқтатылсын.
«Кселл» АҚ Директорлар кеңесі келесі құрамда сайлансын:
- · Буянов Алексей Николаевич(тәуелсіз директор);
- · Махат Рашит Мукарамович (тәуелсіз директор);
- · Инкарбекова Динара Жолшыбековна (тәуелсіз директор);
- · Попов Владимир Геннадьевич (тәуелсіз директор);
- · Есекеев Куанышбек Бахытбекович («Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілі);
- · Кусаинов Ерулан Айташович («Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілі);
- · Турлов Тимур Русланович («Фридом Финанс» АҚ акционерінің өкілі).
АКТЖЖ «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі «Кселл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы жиналыста ұсынылған дауыс беретін акциялардың жай көпшілігімен «Кселл» АҚ жаңа директорлар кеңесін сайлау туралы шешім қабылдаған мезетке дейін болып белгіленсін.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Теl: +7 727 2582755 ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның халық қоныстанған бүкіл аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта Kcell Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуды жоспарлап отыр. Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығындағы өзінің көшбасшылық ұстанымдарын қолдауға ұмтылады.