1 наурызда Алматыда алтыншы CFO саммиті өтті, онда қаржы нарығының топ-менеджерлері мен басшылары жиналды. «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис «Финтех: экожүйелер күресі» тақырыбындағы пікірсайысқа қатысты. Онда сарапшылар Қазақстандағы қаржылық технологиялар проблемалары, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы әңгімеледі.
«Қолданыстағы барлық өндірістердің ішінен телекоммуникация қаржылық технологиялар саласына қатысуға және оны дамтуға оңтайлы болып табылады. Себебі ол пайдаланушылармен байланыста болады, ол сәйкестендіріліп, ұялы құрылғы арқылы оператормен тікелей байланыста. Менің ойымша, операторлар жақсы жағдайда. Ашық мүмкіндіктерді пайдаланып, нарықтың дамуы үшін уақыт жоғалтпау керек», — деді Каспарс Кукелис.
«Кселл» АҚ-ның бас директоры мәлімдегендей, ұялы байланыс операторлары қаржылық технологиялар нарығында бір-бірімен бәсекелеспейді. Өйткені, SMS арқылы жолақы төлемін төлеу үшін абонент операторын өзгертпейді. MFS — уақыт өте келе кіріс әкелуі мүмкін қосымша ыңғайлылық.
«Қазақстанда смартфондардың енуі 60% асады және өсіп келеді. Телеком операторлары қаржы технологиясы нарығындағы негізгі қатысушылар тұтынушылардан ғана емес, сондай-ақ саудагерлерден де ала алады. Мысалы, кішкене сауда орындары үшін транзакцияларға арналған ең қолайлы құрылғы смартфон болып табылады. Ұялы байланыс операторлары банктерге қарағанда әлдеқайда көп абоненттік базаға ие. Қаржылық технологиялар бойынша қызметтерді өз бетінше атқаруға және синергияға барынша ықпалдасуға мүмкіндік бар », – деді ол.
Өз сөзінде Каспарс Кукелис телекоммуникациялық оператордың деректері көмегімен қаржылық операцияларды жүзеге асыру және қаржылық қызметтерді пайдаланушылар жылу карталарын қалыптастыру туралы қаржылық қауіпсіздікті жетілдіру туралы айтты.
CFO саммиті қаржы нарығының топ-менеджерлері үшін кәсіби алаң. CFO саммиті алғаш рет 2014 жылы өткізіліп, қаржы мәселелерін талқылау үшін жетекші платформаға айналды. Саммит тақырыбы жыл сайын экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтиды және Қазақстанның қаржылық секторындағы болашақ үрдістерге арналған нұсқаулықтарды белгілейді.