Алматы, 6 наурыз 2019 – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2019 жылдың 11 наурызында 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы нәтижелері туралы есеп береді.
Kcell компаниясы 2019 жылдың 11 наурызында сағат 11:00-де (UK)/14:00 (Алматы)/17:00-де (Мәскеу) телеконференция ұйымдастырады. Телеконференция ағылшын тілінде өтеді және https://webcasts.eqs.com/kcell20190311 сілтемесі бойынша беріледі.
| Ұлыбританиядағы тегін нөмір:Стандартты халықаралық нөмір:Ресейдегі тегін нөмір:Ресейдегі қоңырау шалу нөмірі:АҚШ-тағы тегін номер:АҚШ-тағы қоңырау шалу нөмірі: | 0800 279 7204 +44 330 336 9411 8 10 8002 8675011+7 495 646 9190800 458 4121+1 929 477 0324 |
| Конференцияға кіру паролі: | 1983030 |
Презентация конференция басталар алдында тікелей www.investors.kcell.kz веб-сайтында орналастырылады.
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Теl: +7 727 2582755 ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.