Алматы, 2018 жыл 19 сәуір — нарықтағы үлесі мен абоненттер саны бойынша Қазақстанның телекоммуникация нарығының көшбасшысы, «Кселл» Акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Компания», LSE, KASE: KCEL) Компанияның Директорлар кеңесі 11,678 миллион теңге мөлшерінде 2016 жылдың деңгейіндегі жылдық дивидендті («Дивиденд») немесе бір қарапайым акция үшін 58,39 теңге төлеуге кеңес бергенін жариялайды. Бұл 2017 жылдың 31 желтоқсанында біткен он екі ай («Кезең») үшін Компанияның таза табысының 87 пайызына сәйкес.
Дивиденд алуға құқылы Акционерлердің тіркелімін жабудың болжалды күні — 2018 жыл 31 мамыр (Алматы уақытымен 1:00). АЖЖЖ 2018 жылдың 30 мамырында оң шешім қабылдаған жағдайда, болжалды Дивиденд 2018 жылдың 1 тамызынан бастап, төленеді.
| Анықтама үшін | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | тел: +7 727 2582755 ішкі. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | тел: +7 727 2582755 ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | тел: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс қызметтерін, қысқа хабарламалар беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу және мобильді контент сияқты қосымша қызметтерді (VAS) және де деректерді беру қызметтерін, с.і. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылады: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер болатын (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания қызметтерді Қазақстан Республикасының бүкіл ел қоныс тепкен аумағын қамтитын, өзінің кең ауқымды, жоғары сапалы желісінің негізінде ұсынады.
2012 жылдың желтоқсанында Кселл компаниясы Лондон қор биржасында ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) және Қазақстанның қор биржасында өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге деңгейінде орнатылды, бұл жерде бір ЖДҚ бір акцияға сай келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес TeliaSonera компаниясының 50 миллион дана акцияларын сатуды қамтыды.
Болашақта Кселл Қазақстанда мобильді деректерді беру қызметтерінің сегменттерінде айтарлықтай өсу әлеуетінен пайда алуға ниетті. Компания желімен қамтуды кеңейту мақсатында 3G желісін дамытуға және 4G стандартының жоғары сапалы байланыс қызметтерін енгізуге инвестиция құюды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің сұрыпталымын кеңейтіп, өз желісінің жоғары сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, табыс көлемі мен абоненттердің саны бойынша мобильді байланыс нарығында өзінің көшбасшы орнын қамтамасыз етуге ұмтылады.