Kcell желісінде 4G/LTE интернетін тұтыну мөлшері екі есе өсті, ал LTE-қолдайтын смартфондар көлемі 50 пайызға жетті. Бұл нәтижелерді ұялы байланыс операторы 2018 жыл бойынша жасаған есебінде жариялады. Есепті кезеңде Kcell және Activ абоненттері 258 198 ТБ интернет-трафикті пайдаланды, бұл 2017 жылға қарағанда 34% артық. Сонымен бірге, Қазақстан тұрғындарының 80 пайызға жуыға «Кселл» компаниясының ұялы интернетімен қамтылған.
«Қызмет көрсету сапасын жақсарту және 4G байланысын арттыру компаниямыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. 2018 жылы төртінші ұрпақ желісін кеңейту бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткіздік, қазір халықтың 62% -ы 4G/LTE желісімен қамтылған. Бұл желіні коммерциялық іске қосқан сәттен бастап 2,5 жыл ішінде болды. Біздің желідегі смартфондардың жалпы саны айтарлықтай өсті — олар 67,4 пайызды құрайды. Жоғары жылдамдық пен деректерді берудің үлкен көлемін қамтамасыз етуді талап ететін кдиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2019 жылы біз абоненттерге қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуды және 4G/LTE арқылы интернет желісіне дамытуды жалғастырамыз.», — деп атап өтті Кселл компаниясының бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис.
Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша оператор желісіне 4G құрылғысының енуі алғаш рет 50%-дан асты. Сондай-ақ 2 млн-нан астам абоненттер 4G қызметтерін пайдаланған. 2018 жылдың ішінде компания абоненттері 4G/LTE желісінде 131,838 ТБ ғана пайдаланды, оның ішінде 56 728 ТБ Алматы мен Астана қалаларының тұрғындарының еншісінде.
2018 жылы төртінші буын желісі Қазақстанның 25 қаласында пайда болды. Олар: Қапшағай, Текелі, Есік, Қаскелең, Жаркент, Степногорск, Атбасар, Щучинск, Қандыағаш, Шалқар, Аягөз, Зырян, Зайсан, Саран, Шахтинск, Форт-Шевченко, Ақсай , Шу, Жаңатас, Арал, Қазалы, Арыс, Сарыағаш, Ленгер, Жетісай. 2,5 жылдан астам уақыт ішінде 4G/LTE Kcell желісі 57 қалада қол жетімді болды және 17 қалада 4G +/LTE Advanced желісі қосылды.
Атап айтқанда, өткен жылдың ішінде Қаскелең, Қандыағаш, Ақсай және Сарыағаш қалаларында жақсартылған 4G+ байланысы орнатылды. LTE-Advanced технологиясының басты ерекшелігі 1800 МГц және 800 МГц жиілік жолақтарын біріктіру болып табылады, бұл 4G / LTE желілеріне қарағанда екі есеге дейін жоғары жиіліктердің санына және еніне қарай деректерді беру жылдамдығына жетуге мүмкіндік береді.
Компания 2018 жылы желінің сапасын бақылау және деректерді беруді жүзеге асыруға ерекше назар аударды. «Кселл» инженерлері еліміздің 28 қаласында қалалық жолдар мен қалааралық магистральдарда дыбыс және интернет сапасын өлшеп, драйв-тест өткізді. Олар барлығы 31 мың километр жүріп өтті. Бұл экватордың 77,35% тең*. Алынған деректер 2019 жылы желіні оңтайландыру мен дамыту кезінде негізге алынады.
* экватордың ұзындығы 40 075 696 м (Уикипедия)