Алматы, 18 сәуір 2019 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Kcell» немесе «Қоғам») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Қоғам Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 29 мамырда сағ.10:00-де (Алматы уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050013, Тимирязев көшесі, 2Г мекенжайында «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу таңғы сағ.10:00-де (Алматы уақыты бойынша) басталады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтпеген жағдайда, «Кселл» АҚ акционерлерінің қайталама Жалпы жиналысы 2019 жылғы 30 мамырда таңғы сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) өткізіледі.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2019 жылғы 29 сәуірдегі (Алматы уақыты бойынша сағ. 00:00) ахуал бойынша жасалады.
«Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.
Тіркелу үшін жеке куәлік ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі
- «Кселл» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.
- Директорлар Кеңесі мен Бас атқарушы директордың арасында функцияларды бөлу нұсқаулығы туралы
- «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.
- «Кселл» АҚ 2018 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- «Кселл» АҚ есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
- «Кселл» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу.
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттары туралы ережені бекіту туралы.
- «Кселл» АҚ ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне енгізілген өзгерістерді жаңа редакцияда беру арқылы бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
«Кселл» АҚ акционерлері Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдармен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы орналасқан жері бойынша, Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй мекенжайынан таныса алады. Танысу үшін акционерлердің жалпы жиналысының материалдары жиналыс өткізілетін күнге дейін он күн бұрын қолжетімді болады. Акционердің сұранымы бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланысИрина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚ Наталья Еськова | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif PartnersКэй Ларсен, Галина Кулачек | Тел: +44 207 457 2020 |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.