25 сәуірде Алматыда халықаралық Kazakhstan Technology Summit 2019 — K-Tech өтті. Бұл IT-шешімдер мен технологиялар саласындағы тәжірибе алмасудың кәсіби алаңы. «Кселл» компаниясының IoT даму бағытының басшысы Қазақстандағы Интернет заттарының және Big Data даму келешегі туралы баяндамасындағы өзінің сараптамасымен бөлісті.
Қанша адам біздің елдің туристік жерлеріне жазда және қыста барады? Демалыс аймағын қайта құру келушілер санына қалай әсер етеді? Қандау аудитория іс-шаралар мен қалалық мейрамдарға барады? Наурызда, Жаңа жылда, мамыр айындағы мейрамдарда қала тұрғындарының ең танымал демалыс орындары қай жерлерде? «Кселл» IоT-бағытының басшысы, Руслан Хамзиннің айтуы бойынша, мобильдік оператордың осы сұрақтарға және көптеген басқа сұрақтарға жауаптары бар.
«Соңғы он жылдықта ақпаратпен жұмыс істеу әдісі едәуір өзгерістерге ұшырады. Бұрын ол жай дата-орталықтарда сақталды және тек анда-санда ғана қолданылды. Қазір — ол үнемі жаңартылатын, баитын, түрін өзгертетін „тірі“ ағза. Деректердің үлкен ауқымдары инсайттарды алу үшін, маркетингтік кампанияларды басқару үшін және нақты және сындарлы бизнес-шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады. Big Data заманауи жағдайларда, оны нақты тапсырмаларды орынлау үшін дұрыс қолданған кезде, қоғамдық-экономикалық дамудың негізгі драйверлерінің біріне, ал IoT — осындай деректерді алудың құралына айналуы мүмкін», — деп Руслан Хамзин өзінің сөзінде атап өтті.
Мобильді оператор нарық қатысушылары үшін үлкен деректердің көзі мен агрегаторы рөлінде қызмет етеді, ол деректерді өзінің пайдаланушыларының мобильді телефондарынан ғана алмайды. Ақпарат сондай-ақ автомониторинг жүйесімен жабдықталған, M2M-құрылғыларын басқаратын қосымшасы бар, көлік құралдарынан, ақылды сағаттардан, ақылды есептеуіштерден, ақылды үйден, ақылды тұрақтардан және т.б. түседі. Алынған деректер топтастырылмаған және агрегатталған түрде ғана талдау үшін пайдаланылады. Ол клиенттердің жеке деректері сенімді қорғанышында болатынын, алайда бизнесте шешімдер қабылдау үшін қажетті қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретінін білдіреді.
«Жаһандық трендтер Big Data-мен және IoT-мен жұмыс істейтін компанияларда таяудағы жылдарда түсімді өсіру үшін жаңа мүмкіндіктері ашылатынын көрсетеді. Бұл көп жағдайда бүкіл экожүйенің арқасында жүзеге асады. Құрылғыларды басқаруға арналған қолайлы платформалар пайда болады. Қосымшалар өзара кейбір үдерістерді біріктіру мүмкіндігін алады. Жаңа энергиялық тиімді байланыс стандарттары жүзеге асырылатын болады. Жалпы деректерді жинау мен талдауды автоматтандыру жоғарырақ деңгейге шығады, ол бизнес пен муниципалдық қызметтер үшін осы бағыттардың маңыздылығының артуына ықпал етеді», — деп Руслан Хамзин сөз сөйлеген кезде айтты.
«Кселл» компаниясы бірнеше жыл бойы ауқымды деректермен белсенді жұмыс істеуде және қазіргі кезде өзінің клиенттеріне Big Data және IoT негізіндегі бірнеше қызметтерді ұсынады. Мобильді оператор сондай-ақ бір батареямен 10 жылға дейін жұмыс істейтін тұтынылуы төмен желілер негізіндегі «ақылды» есептеуіштердің көрсеткіштерін қашықтықтан алуға сынақтама жүргізеді.
Сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниялар тобында LoRaWAN энергиялық тиімді технологияларға құрылған шешімдер бар, олар электр энергиясының, газдың және судың есептеуіштерінің көрсеткіштерін қашықтықтан автоматты бақылау үшін қолданылады.