«Кселл» АҚ — Қазақстанның жетекші мобильді операторы, 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Компания жылды жаңа күшті және тәжірибелі басқарушы командамен бастады, оның басты басымдығы операциялық және қаржылық көрсеткіштерді тұрақтандыру және болашақта өсуі үшін берік негіз қалау болып табылады. Кешенді және тоғыспалы тәсілдің нәтижесінде «Кселл» табысы салықтарды, пайыздарды, тозуды және амортизацияны (EBITDA) төлегенге дейін 12,6 пайызға өсіп, 14 млрд. теңгеден асты, ал EBITDA бойынша тиімділік 39,9 пайызға дейін жақсарды. Еркін ақша ағыны 6,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал деректер беру қызметтерінен түскен табыстер 2,7 пайызға өсіп, 11,8 млрд. теңгені құрады.
«Компанияның клиенттердің сапалы базасын ұстап қалуға күш-жігерін шоғырландыру бір пайдаланушыдан орташа түсімнің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға өсуіне алып келді. Корпоративтік сегментте тұрақты өсім жалғасты — В2В жалпы табысы14 пайызға өсті, бұл ретте бизнес-шешімдерді сатудан түскен табыс 33 пайызға артты. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі 5,9 млрд. теңге көлемінде жылдық дивиденд төлеуді ұсынды, бұл 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған 12 айдағы компанияның таза табысының 70 пайызын құрайды. Компания үшін маңызды бұл өтпелі кезеңде, біздің күшті жаңа операциялық менеджмент командасымен және телекоммуникация және қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар жаңа жоғары кәсіби Директорлар кеңесімен бірге, біз компанияның тиімділігін арттыру және біздің абоненттерімізге нарықтағы жетекші қызметтерді ұсыну үшін барлығын жасаймыз, — деп атап өтті, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис.
Біржолғы шығыстарды есептемегенде, компанияның операциялық пайдасы 2019 жылдың бірінші тоқсанында 6,2 млрд. теңге (К1 2018: 6,2 млрд.) деңгейінде тұрақты болып қалды. Бұл ретте таза пайда — желіні бірлесіп пайдалану туралы Келісім шеңберінде «Кар-Тел» ЖШС-мен ынтымақтастықты тоқтатуға байланысты туындаған 14,5 млрд. теңге төлеу туралы міндеттемені компанияның орындауы салдарынан 8,7 млрд. теңгені (К1 2018: 2,3 млрд.) құрады. Бұл төлем біржолғы шығыс ретінде қаржылық есептілікте ескерілді.
Есепті кезеңде абоненттік база сапалы клиенттерді тартуға және сақтауға бағытталған стратегияны іске асыруды жалғастыру және көлеміне негізделген дистрибуциядан кету салдарынан 8,7 млн. пайдаланушыны (К4 2018: 8,9 млн.) құрады.
Бірінші тоқсанда деректер беру қызметтерінен түскен табыс 2,7 пайызға өсті және 11,8 млрд. теңгені (К1 2018: 11,5 млрд.) құрады, ал деректер трафигі 74,9 петабайт (ПБ) (К1 2018: 55,6 ПБ) құрай отырып, 34,7 пайызға өсті. Компания есепті кезеңнің соңында Қазақстан халқының 62 пайыздан астамын қамтыған 4G / LTE желісін дамытуды жалғастырды. «Кар-Тел» ЖШС желіні бірлесіп дамыту туралы келісімнен «Кселл» шығуы 4G/LTE қызметтерінің дамуына елеулі әсер етпейді. Компания операциялық жоспарда көзделген басқа сценарий бойынша жүреді және жеткілікті оң деп қаралды және «Кселл» абоненттері ақыр аяғында 4G/LTE желісінің жоғары стандартына қол жеткізе алады.
«Қазіргі уақытта „Кселл“ АҚ-да Қазақстанның 4 ірі қаласында қосымша диапазон түрінде қысқа мерзімді артықшылығы бар, оны біз клиенттерімізге жоғары сапалы 4G/LTE қызметтерін ұсыну үшін барынша пайдаланамыз. Біз, сондай-ақ, 2018 жылдың соңында „Кселл“ акцияларының бақылау топтамасын „Қазақтелеком“ АҚ сатып алғаннан кейін барлық әлеуетті мүмкіндіктерді және қызмет ауқымын кеңейтуді қарастырамыз. Бұл жол картасы инфрақұрылым мен желілердің интеграциясын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл кейбір бастапқы инвестицияларға қарамастан, шығындарға ұзақ мерзімді оң әсер етуге әкеледі», — деп атап өтті Каспарс Кукелис.
Компания келісімшарттық телефондарды сату бойынша өз бизнесін белсенді дамытуды жалғастырды және бірінші тоқсанның нәтижелері бойынша ұялы құрылғыларды сатудан түскен табыс жалпы табыстың 10 пайызын немесе 3,5 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, 2018 жылдың соңында барлық сатылған «Кселл» смартфондарының 90 пайызы «Келісімшарттық телефон» қызметі шеңберінде сатылды.
Компанияның EBITDA бойынша табыстылығының өсуі «Қазақтелеком» АҚ басқарушы басшылардың жаңа күшті командасы және жаңа негізгі акционер таңдаған операциялық тиімділікті арттыру бойынша кешенді және топтастырылған тәсілді іске асыру курсы «Кселл» АҚ дамудың дұрыс бағытына шығаратындығын растайды.