Алматы, 29 сәуір 2019 — «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Компанияның Директорлар кеңесі «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің келесі құрамын бекіткенін хабарлайды.
Стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша комитет:
- Махат Рашит Мукарамович (тәуелсіз директор), Комитет төрағасы;
- Есекеев Куанышбек Бахытбекович («Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілі);
- Турлов Тимур Русланович («Фридом Финанс» АҚ акционерінің өкілі);
- Буянов Алексей Николаевич (тәуелсіз директор).
Ішкі аудит мәселелері бойынша комитет:
- Инкарбекова Динара Жолшыбековна (тәуелсіз директор), Комитет төрайымы;
- Есекеев Куанышбек Бахытбекович («Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілі);
- Турлов Тимур Русланович («Фридом Финанс» АҚ акционерінің өкілі).
Кадрлар және сыйақы мәселелері бойынша комитет:
- Махат Рашит Мукарамович (тәуелсіз директор), Комитет төрағасы;
- Кусаинов Ерулан Айташович («Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілі);
- Турлов Тимур Русланович («Фридом Финанс» АҚ акционерінің өкілі);
- Буянов Алексей Николаевич (тәуелсіз директор).
Тұрақты даму мәселелері бойынша комитет:
- Попов Владимир Геннадьевич (тәуелсіз директор), Комитет төрағасы;
- Кусаинов Ерулан Айташович («Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілі);
- Буянов Алексей Николаевич (тәуелсіз директор).
Анықтама үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Теl: +7 727 2582755 ішкі 1902Pressa@kcell.kz |
| Шетел БАҚ | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.