«Кселл» АҚ — Қазақстанның жетекші мобильді операторы, 2019 жылдың екінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы туралы есеп берді. Компанияның жаңа менеджменті өзінің алғашқы есептік тоқсанындағы озық нәтижелерін таныстырып, соңғы 5 жыл ішінде қызмет көрсетуден түскен табыстың өскенін көрсетті.
«Мен екінші тоқсанның қорытындысы бойынша серпінді нәтижелерге қол жеткізгенімізді, операциялық және қаржылық көрсеткіштердің болашақта дамуы үшін сенімді негіз жасай отырып, тұрақтана бастағанын қуана хабарлаймын. Бес жыл ішінде алғаш рет біз қызмет көрсетуден түсетін кіріс бойынша көрсеткіштердегі жағымсыз трендті жеңіп, көрсеткіштердің өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 6,7%-ға едәуір өскенін көрсеттік. Екінші тоқсандағы жалпы түсім 4,3% -ға өсті, бұл – 2013 жылдан бергі ең жоғарғы өсу көрсеткіші. Бұл нәтижелерге жаңа басқарушы құрамның басшылығымен қол жеткізілгенін атап өткен маңызды », – деп көрсетті «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры және Басқарма төрағасы Каспарс Кукелис.
Екінші тоқсандағы қаржылық көрсеткіштер «саннан сапаға» көшу стратегиясын сәтті іске асыру нәтижесінде нығая түсті. ARPU деңгейі төмен абоненттердің кетуі абоненттік базаның 2018 жылдың маусым айындағы 10,1 миллионнан ARPU деңгейі жоғары 8,7 миллионға дейінгі тиімді абоненттерге дейін өзгеруіне әкелді. 2019 жылдың бірінші тоқсанында 9,5%-ға өскеннен кейін аралас ARPU екінші тоқсанда 21%-ға өсіп, 1309 теңгені құрады. Бұл, ең алдымен, қазіргі уақытта абоненттік базаның жартысын құрайтын, топтамалық ұсыныстарды таңдайтын абоненттер санының өсуіне байланысты. Соңғы рет ARPU айтарлықтай өсуі 2014 жылы байқалды.
«Іске қосылған соң небәрі төрт айдан кейін барлық топтамалық ұсыныстардың 33%-ын құраған, әлеуметтік желілерге шектеусіз қолжетімділігі бар «Супер Комфорт» тарифтік жоспары өте танымал болды. Сондай-ақ, есептік кезеңде B2B түсімі одан әрі өсе түсті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ға өсті, бұл негізінен бизнес шешімдерінен түсетін кірістің артуына байланысты. Қазіргі уақытта жалпы кірістегі B2B үлесі 12% құрайды », – деп атап көрсетті Каспарс Кукелис.
EBITDA көрсеткіші (IFRS 16 қоспағанда) 35,6%-ға өсті. Айтарлықтай жақсарудың басты себебі – түсімнің едәуір артуы, сондай-ақ мұқият талдау және бақылау, жаңа басшылық тарапынан шығындарды айтарлықтай оңтайландыру. Бұл ретте таза пайда 156,8 пайызға артып, 2 870 млн. теңгені құрады (K2208: 1 118). Кірістің жақсаруы негізінен топтамалық ұсыныстардағы PAYG тарифтеуінің жақсаруымен, әлеуметтік желілерге шектеусіз қолжетімділік беретін жаңа тартымды тарифтік жоспарлардың іске қосылуымен, сондай-ақ қолданыстағы абоненттер базасының контенті ұлғайтылған тарифтік жоспарларға ауысуының оң үрдісімен байланысты
Екінші тоқсанда деректерді беру қызметтерінен түсетін кіріс 12,443 млн. теңгеге дейін 14,4 пайызға өсті (K2 208: 10 873). Деректер трафигі 74,2 петабайтты (ПБ) (К2 2018 56,8 ПБ) құрап, 30,7 пайызға артты.