«Кселл» АҚ 8 тамызда «Контрактілі телефон» науқаны бойынша толық құнына және 1-уінде 2-еу (смартфон және байланыс) бөліп төлеуге Samsung Galaxy Note 10 | 10 + смартфонына алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады.
8-нен 22 тамызға дейін науқан өткізілетін кезеңде телефонға алдын ала тапсырыс орналастырған және алғы төлем жасаған қатысушылар телефонды сатып алған кезде Samsung Galaxy Watch 46 mm сағатын жиынтықта* ала алады.
Смартфонды бөліп төлеп сатып алған кезде, 12,18 немесе 24 айға сіз келісім-шарт рәсімдейсіз және ай сайын 50GB интернет трафикке дейін, ҚР басқа ұялы операторларына 500 минутқа дейін және желі ішінде шексіз минуттар аласыз.
Қызметтер пакетімен бөліп төлеуге Samsung Galaxy Note Note 10 | 10 + телефонына алдын ала тапсырыс рәсімдейтін барлық Kcell операторлары 2019 жылдың соңына дейін 4G желісінде шексіз интернет-трафикті пайдалана алады.
Samsung Galaxy Note Note 10 | 10 + телефонына алдын ала тапсырысты рәсімдеген activ абоненттері де бөліп төлеуге әлеуметтік желілерге шектеусіз кіруге мүмкіндік беретін байланыс пакетін алады.
Нәтижесінде смартфонның құнына «Контрактілік телефон» ұсынысы бойынша Kcell/activ абоненттері сондай-ақ ай сайынғы байланыс қызметтері пакетін және Samsung Galaxy Watch 46 mm алады.
Samsung Galaxy Note 10 |10 + телефонына алдын ала тапсырыс беру өтінімін Kcell және activ ресми сайтында қалдыруға болады, сондай-ақ Kcell/activ дүкендеріне байланысуға болады.
Жаңа флагман смартфонның басты артықшылықтарының бірі болып табылады:
Дисплей: Егер Samsung Galaxy Note 10 телефонында ол 6,3 дюймді құраса, онда Note 10 + нұсқасында экран диагоналі 6,8 дюймді құрайды. Дисплейдің тұнықтығы — 2К, ал қорғаныс әйнегі ретінде Gorilla Glass 6 пайдаланылады. Дисплей беткі панельді түгел алады, сондықтан сөйлесу динамигі тікелей дисплейдің астына орналастырылған.
Процессор: Жедел жады 8-ден 12 ГБ-қа дейін, ал кіріктірілген жинақтауыштың жадысы 256 ГБ-тан 768 ГБ-қа дейін. Жаңа процессордың арқасында енді қосымшалар жылдамырақ іске қосылады, FPS жоғары (кадрлардың жаңару жиілігі) ойындар өнімділігі жақсырақ және жалпы смартфонды пайдалану барынша қолайлы. Соның өзінде де батарея шығыны «саналырақ» болды және энергия шығыны ондай көп емес.
Камера: Жаңа флагман артқы жағында үш камерамен жабдықталған және дисплейге орнатылған 10 МП алдыңғы камерасы бар. Note 10 + смартфондарында сонымен қатар артқы панелінде 3D камерасы да бар. Бұдан былай кез келген жарықтандыруда және алыс қашықтықтан барынша сапалы суреттер және видео түсіруге болады.
Сиқырлы стилус: S-Pen бұл Note желісінің смартфондарының ең керемет ерекшелігі, бұрынғыдай стилусқа Bluetooth технологиясы орнатылған, яғни смартфонды қашықтықтан басқаруға болады, бірақ енді стилус кеңістікте орынды айырып таниды, ол смартфонды кеңірек спектрде басқаруға мүмкіндік береді. Шығармашылықты жақсы көретіндер үшін ең қолайлы шешім болып табылады.
Екі модель де басқа құрылғыларды сымсыз әдіспен қуаттауға мүмкіндік беретін, қуаты 15 Вт PowerShare функциясына ие болды.
Samsung Galaxy Note 10\ Note 10+ сатылымға Кcell/activ дүкендеріне 30 тамызда түседі және ең алдымен компания сайтында алдын ала тапсырысты уақтылы рәсімдеген сатып алушыларға қол жетімді болады. Алдын ала тапсырыстар бойынша смартфондарды беру 2019 жылғы 15 қыркүйектен бастап жүзеге асырылатын болады.
* аксессуарлар саны шектеулі