15-18 тамыз аралығында Алматыдан 35 км қашықтықта, Солдат шатқалында жыл сайынғы оныншы open-air FourЭ фестивалі өтеді. Іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен 10 000-ға дейін қонақ күтіледі. Екінші жыл қатарынан «Кселл» компаниясы фестивальді үздіксіз ұялы байланыс және сапалы мобильді интернет арқылы қолдайды.
FourЭ — ашық аспан астындағы этнофестиваль. Осы фестиваль философиясының негізі төрт «Э» — Қоғамның этникалық әртүрлілігі, Қоршаған кеңістікке қатысты экологиялылық, Сананың эволюциясы және Эмоциялар болып табылады.
Іс-шара кезінде фестивальді өткізу аймағы ұялы байланыспен қамтылады. Kcell және Activ абоненттері өз жақындарымен және достарымен әсерлерді қолайлы әрі жедел бөлісу үшін мобильді интернет пен дауыстық байланысты пайдалана алады.
Биыл фестиваль оныншы мерейтойына арналып өткізіледі. Ұйымдастырушылар бачат бойынша Гиннестің әлемдік рекордын орнатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бишілердің 640 жұбы жарияланды. Әрбір тілек білдіруші осы шараның бір бөлігі бола алады. Ол үшін билет сатып алу және рекордқа тіркелу керек.
Төрт күн бойы іс-шараға қатысушылар тренингтер, семинарлар және мастер-класстардан өтеді. Оқыту бағдарламаларымен қатар, фестивальде жанды музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді, бояулар мерекесі және костюмдер шеруі өтеді. Сондай-ақ аумақта балалар аймағы мен фудкорт жабдықталады.