9-шы желтоқсанда Алматы қаласында DostykPlaza ОССО-да Kcell/activ|Samsung алғашқы кобренді дүкенінің ресми ашылуы өтті, онда «Байланыс телефоны» акциясы бойынша және толық құны үшін Samsung смартфондары үлгілерінің кең ассортименті ұсынылған.
Заманауи дизайны бар кең және жайлы дүкен сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан.
Ашылу құрметіне бірінші сатып алушылар GalaxyFit білезіктерін, «Яндекс Плюс» жылдық жазылымдарын, шыныны ауыстыру сертификаттарын және 20 ГБ бонустық интернет-трафикті сыйлыққа алады. Сонымен қатар, сатып алушылар үшін Samsung Smart Service фирмалық аймағының болуы артықшылық болады, онда смартфонды сатып алғаннан кейін бірден кеңесшілер барлық қажетті бастапқы параметрлерді жасауға көмектеседі және пайдалану бойынша сұрақтарға жауап береді. Kcell/activ/Samsung дүкенінің алғашқы сатып алушылары Smart Service аймағында телефон дисплейіне қорғаныс пленкасын тегін орнатуға мүмкіндігі бар.

Kcell мен Samsung алғашқы кобренд дүкенінде келушліер кеңесшілерден Samsung смартфондарының түрлі модельдерінің артықшылықтары мен келісімшарттық ұсыныстардың артықшылықтары туралы біле алады, сол жерде оларды сатып алу алдында сынап, стандартты қызметтердің толық спектрін ала алады, мысалы, нөмірді қосу, тарифті таңдау, теңгерімді толтыру және т.б. Сонымен қатар, смартфондарды сатып алғысы келетіндерге www.kcell.kz және www.activ.kz сайттарында кезек брондауға болады.