«Кселл» АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындыларын жариялайды

Алматы, 16 қаңтар 2020 жыл –  «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, бүгін, 2020 жылғы 15 қаңтарда, 11:00-де Алматы қ. Тимирязев к-сі 2Г мекенжайында өткен Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындыларын туралы хабарлайды.

АКТЖЖ күн тәртібіне енген мәселелер:

1. «Кселл» АҚ Шот комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау туралы.

2. «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.

3. «Кселл» АҚ Дивиденд саясатын бекіту туралы;

4. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы

АКТЖЖ бірауыздан келесі шешімдерді қабылдады:

1.1  «Кселл» АҚ есеп комиссиясының сандық құрамы анықталсын – үш адам

1.2. «Кселл» АҚ 2021 жылдың 01 маусымына дейін есеп комиссиясының мүшелері ретінде «Кселл» АҚ келесі жұмыскерлері сайлансын:

  • Шоль Ирина Владимировна – шот комиссиясының төрағасы
  • Братенкова Диана Александровна;
  • Барелко Татьяна Николаевна
  1. «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. «Кселл» АҚ Дивиденд саясаты бекітілсін.

4.1. «Кселл» АҚ директорлар кеңесінің ағымдағы құрамына Джери Калмис (Jere Calmes) тәуелсіз директор етіп сайлансын.

4.2. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі, Джери Калмистің (Jere Calmes) өкілеттік мерзімдерін сайланған кезден бастап және 2019 жылғы 25 қаңтарда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында (Хаттама № 12) анықталған «Кселл» АҚ қазіргі директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін орнатылсын.

4.3. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Джери Калмистің (Jere Calmes) жылдық орнықты және жылдық қосымша сыйақы мөлшері «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2019 жылғы 29 мамырдағы шешіміне сәйкес анықталсын.

4.4. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Джери Калмистің (Jere Calmes) сыйақысын төлеу мен шығындарын өтеу шарттары «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғандары үшін «Кселл» АҚ акционерлерінің 2019 жылғы 29 мамырдағы жалпы жиналысында бекітілген сыйақы төлеу мөлшері мен шарттары туралы ережеге сәйкес анықталсын.

Қабылданған шешімдердің көшірмесі Kcell корпоративтік сайтында орналастырылған www.investors.kcell.kz

Джери Калмис

Джери Калмис телекоммуникациялар саласында, көтерме-бөлшектік саудада дамушы нарықтарға ерекше ден қоюмен 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін ол Ресейдегі METRO Cash & Carry Бас атқарушы директоры болған. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация саласындағы түрлі жоғары лауазымдарда қызмет еткен, оның ішінде Tele2 бас атқарушы директорының орынбасары, Tele2 Russia бас директоры, Wind Telecomunicazioni (Италия) бас операциялық директоры, Мәскеудегі VEON атқарушы вице-президенті және бас директоры және Мысырдағы Orange клиенттерге қызмет көрсету және несиелік бақылау лауазымында болған. Ол сондай-ақ «Датагруп» АҚ (Украина) Басқармасының құрамына кірген және «Fast Lane Ventures» компаниясының басқарушы директоры, сонымен бірге Ресейдің «36,6» дәріханалар желісінің президенті және бас директоры болды. Оған қоса, Калмис мырзаға Adva Capital кеңесшісі болған. Джери Калмис АҚШ-тағы Бейтс Колледжінде саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес мектебінде басқарушы кадрларды дайындау бағдарламасынан өткен.

Анықтама үшін:

Kcell 
Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольTel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz
  
Шетел БАҚ 
College HillTel: +44 207 457 2020
Кей Ларсен, Галина Кулачек  

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Scroll to Top