«Кселл» АҚ «КаР-Тел» ЖШС-пен жиілікті бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойылғандығы туралы хабарлайды

Алматы, 10 наурыз 2020 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  «Kcell»  немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялар нарығындағы жетекші оператор, «Кселл» АҚ және «КаР-Тел» ЖШС радио жиіліктерін бөлу туралы келісімге қол қойды, оған сәйкес «КаР-Тел» ЖШС-не 1725-1730 МГц және 1820-1825 МГц диапазонындағы ені 5МГц радиожиілік жолағын бірлесі пайдалану мүмкіндігі берілген.

Келісім «Қазақтелеком» АҚ қолдаухаты бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2018 жылғы 10 шілдедегі «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес жасалды. Бұйрыққа сәйкес «Қазақтелеком» АҚ «Қазақтелеком» АҚ Тобына (бұдан әрі – Топ) кірмейтін ұялы байланыс қызметтерін ұсынатын нарықтың басқа қатысушыларына радиожиілік спектрін бөлуді қамтамасыз етуі тиіс.

Топ құрамына кіретін операторлар құқықтары «Кселл» АҚ-ға берілген жиіліктерді технологиялық тұрғыдан бірлесіп пайдалану тиімді болатындығымен келісті.

Бұйрықты, сондай-ақ Бұйрықтың аясында қабылданған корпоративтік шешімдерді орындау мақсатында 2020 жылдың 4 наурызында «Кселл» АҚ және «КаР-Тел» ЖШС радио жиіліктерді бірлесіп пайдалану келісімге қол қойды, оған сәйкес «КаР-Тел» ЖШС-не 1725-1730 МГц және 1820-1825 МГц диапазонындағы ені 5МГц радиожиілік жолағын бірлесіп пайдалану мүмкіндігі берілген.

Бұл келісім «Кселл» АҚ үшін жағымсыз салдарға әкеп соқтырмайды, өйткені «Кселл» АҚ жиілік ресурсына деген қажеттілік Топ есебінен жабыла алады.

Анықтама үшін:

Kcell 
Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольTel: +7 727 2582755 ext. 1002Investor_relations@kcell.kz
  
Шетел БАҚ 
Instinctif PartnersTel: +44 207 457 2020
Кей Ларсен, Галина Кулачек  

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Scroll to Top