«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен қосымша келісім жасасу туралы ақпарат

Алматы, 26 наурыз 2020 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  «Kcell»  немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор өз акционерлері мен инвесторларын 2020 жылдың 18 наурызында Компанияның директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды:

  1. «Кселл» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасындағы қолданыстағы Шұғыл кредит желісі туралы 2013 жылғы 24 қыркүйектегі келісімге келесідей елеулі шарттарда қосымша келісім жасасын:
  2. Ірі мәміле жасалсын: 42,000,000,000 (қырық екі миллиард) теңгеге дейінгі несие желісінің лимитін келесідей елеулі талаптармен пайдалану мақсатында 2013 жылғы 24 қыркүйектегі Жедел несие желісі туралы келісім шеңберіндегі банктік қарыз шарты (1-тармақта көрсетілген несие желісінің талаптары өзгерген жағдайда):
  • 12 айға дейінгі несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,5%-ға дейін 12 айдан бастап 36 айға дейінгі несиелер бойынша жылдық 13,0%-ға дейін өзгертілсін;
  • несиелік желінің қолжетімділік мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылсын;
  • Келісім бойынша несиелік желі мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге ұзартылсын.
  • ныcаналы мақсаты: айналым капиталын қаржыландыру және/немесе инвестициялар;
  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 13,0% -дан аспайды;
  • қарызды пайдалану мерзімі – 36 (отыз алты) айдан аспайды;
  • сыйақы төлеу – тоқсан сайын.

Бұл мәміле Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ірі мәмілелерге жатады, өйткені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ алдындағы ықтимал қарыз Компания активтерінің теңгерімдің құнының 25% астамын құрайды.

Компания қажеттіліктерге байланысты және қаржылық тұрақтылыққа әсерді ескере отырып, несие желісі бойынша қаражат тарту мүмкіндігі мен орындылығын қарастырады.

 Сұранымдар үшін:

Kcell 
Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольТел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz
  
Халықаралық БАҚ 
Instinctif PartnersТел: +44 207 457 2020
Кэй Ларсен, Галина Кулачек  


Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Scroll to Top