Алматы, 16 сәуір 2020 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор, 2020 жылғы 15 сәуірде Компанияның Директорлар кеңесі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да 15 млрд. теңге мөлшерінде кредиттік желіні игеру есебінен қарыз қаржыландыруды тартуды мақұлдағаны туралы өз акционерлері мен инвесторларын хабардар етеді; айналым қаражатын толықтыру және инвестициялау мақсатында және жылдық 11,5% -дан аспайтын сыйақы төлей отырып, үш жыл мерзімге:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 42 млрд. теңге мөлшерінде ашық кредиттік желіні растады, бірақ бұл ретте пайыздық ставкаларды төмендету жағына өзгертіп, қарыздарға келесідей сыйақы мөлшерлерін орнатты:
- 12 айға дейін жылдық 11,0% мөлшерінде,
- 36 айға дейін жылдық 11,5% мөлшерінде (2020 жылғы 26 сәуірдегі Компанияның мәлімдемесінде хабарланған 13,0% орнына).
Сұранымдар үшін:
| Kcell | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, 1002-қосымшаInvestor_relations@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif Partners | Тел: +44 207 457 2020 |
| Галина Кулачек Кэй Ларсен |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.